Аймақтық шығармашылық фестиваль

Выпуск - №12(560)   :   03.04.2023
427

Александров ЖББ мектебінде Наурыз мейрамына орай көркемөнерпаз театр және би ұжымдары арасындағы «SuperDetki» балалар шығармашылығының аймақтық фестиваль-байқауы өтті. Оған біздің мектеп оқушылары белсене қатысты.

Қатысудағы мақсат – балалардың көркемөнерпаз шығармашылығын дамыту, өскелең ұрпаққа эстетикалық, рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру. Ұл оқушыларымызбен бірігіп заманауи стильдегі «Тик-ток трендтері» атты би қойылымын қойып, көрермендер мен әділ қазылар алқасына ұсынсақ, қыз балалармен халық биі номинациясына дайындалдық. Бұл тұста «Испан» биін таңдадық. Оқушыларымыз жоғарғы деңгейде өнерлерін көрсете білді.

Сайыс соңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Мектебіміздің оқушылары Айзере Сайлаубай және Жанель Әмірбек «Халық әні» номинациясында Гран-приге, Карина Клюжева «Заманауи эстрада әні» номинациясы бойынша ІІ орынға, «Птичкин, эх Птичкин» қойылымы «Драмалық спектакль» номинациясы бойынша І орынға, «Тик-ток трендтері» биі «Заманауи би» номинациясы бойынша І орынға, ал «Испан» биі «Халық биі» номинациясы бойынша І орынға ие болды. Өнерпаз жастарымызды мақтан етеміз.


Гүлжан ЗЯБРИНА,
Надеждин ЖББМ көркем
еңбек пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы,
Надеждин ауылы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.