Қазақтың халық ауыз әдебиетінің әлеуметтік жүгі зор, үлкен бір саласы – айтыс. Жуырда Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы ұйымдастырылды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орайластырып өткізілген облыстық айтысқа Амангелді ауданынан Қ.Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйіне қарасты Есір ауылдық клубының меңгерушісі Балтасар Изтелеуовтың жетекшілік еткен «Жауқазын» жас ақындар үйірмесінің мүшесі Саят Әуесханов (суретте) пен «Жас тұлпар» ақындар үйірмесінің жетекшісі Айтбаев Еркінғазының шәкіртті Балахмет Серікболсын жыр додасына қатысты.
Оқушылар айтысында ақын, филология ғылымдарының кандидаты, «Мәдениет саласының үздігі» Айбек Қалиев, белгілі журналист Нұрқанат Құлабаев және ұлағатты ұстаз Ағыбай Нұзман қазылық етті. Аудан атынан барған қос ақын жыр додада жақсы өнер көрсетіп, көпшілікті тәнті етті. Тәуелсіздік жылдарында талай дүниені бастан кешкен ел жағдайын, әлемді шарлаған вирустан құтылатын кез келгенін сөзіне тиек етіп, жырға қосқан Саят Әуезханов айтыста жүлделі I орынды иеленді. Осындай бала тәрбиелеп, өсіргені үшін ата-анасы – Саян Жұмағалиев пен Ұлмекен Жұмағалиеваға, сонымен қатар Н.Мейірманов атындағы мектептің ұжымы мен Қ.Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінің ұжымына алғыс білдірген Саяттың жетекшісі Балтасар Изтелеуов айтыста шын жүйріктердің бас қосқанын атап өтті.
– Айтыста жан-жақтан жүйріктер келді. Алайда психологиялық дайындық жасап, еңсесін түсірмеу үшін оқушыға еркіндік бердім. Әрине сырт көзге оңай болғанмен, сахнада отырып, ел алдында сөз құрау оңай емес. Қиындыққа қарамай оза шабу – бақ пен баптың бірігуінің нәтижесі. Ең бастысы, Алланың қалауымен келетін жеңіс екені сөзсіз! 29 жыл ғұмыры бар осы айтыстың биылғы жеңімпазы ауданымыздың баласы болғаны тіпті қуантады, – деді жетекшісі. Артынша сөзін жалғап:
– 2012 жылдан бері жыр додасына Ерасыл Еден, Серәлі Мырзабаев, Жауынбай Жылқыбайұлы, Ернұр Әуезхан және Еркінғазы Айтбаевты апардым. Бәрі де жүлдемен оралған. Бір қуантатыны – үш рет қатарынан I орын алғанымыз. Ал биыл Саят Әуезхан да сол көштің сабын бұзбай, жүлделі I орын алып келгені тіпті қуантады. Жалпы Есір ауылының топырағын басқан адам ақын болып кетуі ғажап емес. Саяттың болашағы жарқын болуын тілеймін. Кешегі Сәт, Құтжан, Хамитбектей ақын ағаларының жолын жалғай берсін, – деп ақжарма тілегін білдірді.
Ал «Жас тұлпар» ақындар үйірмесінің жетекшісі Айтбаев Еркінғазының шәкірті Балахмет Серікболсынға айтыста жақсы өнер көрсеткені үшін Айбек Қалиевтың ақшалай сыйлығы табысталды.
– Биылғы айтыс жоғары деңгейде өтті. Бұрын оқушы кезімде Балтасар ағайым мені жетектеп осы айтысқа әкелсе, енді өзім де шәкірт тәрбиелеп келгеніме сене алмай жүргенім де рас. Ұстаздың алдында шәкіртіме ұстамдылығымды білдіру де оңай болмады. Десе де оқушымның алғашқы қадамы сәтті болды деп айта аламын. Жақсы өнер көрсетті. Сүбелі сөзін орақ тілімен елге жеткізе алды. Елдің ыстық қошеметінің өзі алғаш айтысқа шыққан шәкіртім үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. Сахнада емін-еркін көсілген, ойын еш қысылмай жеткізе білетін Серікболсынның шабысын көріп, алдағы уақытта бұдан да жақсы дайындықпен, жүлделі орын биігінен көрінетінімізге кәміл сенімді болып келдім, – деді жас ақын Еркінғазы Айтбаев.
Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер шығармашылық
орталығының көркемдік
жетекшісі,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.