«Ақ дариға» хорының 30 жылдығы

Выпуск - №15(711)   :   17.04.2026
491

Ақ дариға хорының 30 жылдығы (1)

Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында өңірдің мәдени келбетіне айналған «Ақ дариға» халықтық хорының 30 жылдығына арналған рухани кеш өтті.

Мерекелік іс-шараның шымылдығы хор ұжымының орындауындағы әуезді халық әндерімен ашылып, жиналған қауымды бірден өнер әлеміне жетеледі. Отыз жылдық тарихы бар ұжымның жүріп өткен жолы, жеткен жетістіктері мен гастрольдік сапарларынан сыр шертетін бейнебаян көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Ақ дариға хорының 30 жылдығы (2)


Хор мүшесі, ардагер ұстаз Ақсұлу Бекболатова – 47 жыл ғұмырын ұстаздық жолға арнаған. Кейіпкеріміз мектеп қабырғасынан бері домбыраны серік еткен. Құрметті демалысқа шықса да, ұстазының шақыруымен хор құрамына қосылып, бүгінде өнер биігінен көрініп жүр. «Өнер мен білім – егіз. Бүгінде жолымды қызым мен немерем жалғап келеді. Әулетімізде ұстаздықтың үш ұрпағы қалыптасқан», – дейді Ақсұлу Тұяққызы.
«Ақ дариға» ұжымының басты миссиясы – ұмытыла бастаған халық әндерін қайта жаңғырту, өңірлік өнерді насихаттау және қариялардың белсенді өмір сүруіне жағдай жасау. Осы жылдар ішінде хор ұжымы облыстық, республикалық деңгейдегі көптеген мәдени іс-шаралардың сәніне айналды. Кеш барысында хор жетекшісі Арыстанбай Өмірзақовтың қажырлы еңбегі ерекше атап өтілді. Көрермендер жетекшінің кәсіби шеберлігіне тәнті болып, жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шара соңында өнерпаздар ұжымы туған жерге деген сүйіспеншілікті паш ететін «Қостанай» әнін шырқады. Көрермендердің ыстық ықыласы мен ду қол шапалағына толы болған кеш ұлттық өнердің құдіретін тағы бір мәрте дәлелдегендей болды.

Айгерім БАХИТБЕК,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика
мамандығының
3-курс студенті

Реклама

Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.

«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.