ҚР БҒМ және «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен VIII республикалық «Ақберен» өнер байқауы Ақтөбе қаласында өз жалғасын тапты. Үш күнге созылған дүбірлі додаға еліміздің 8-11 сынып аралығында оқитын 108 оқушы қатысты.

Еліміздің 14 облысы мен Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының дарынды балаларға арналған мектеп-лицейлерінің оқушылары бақ сынаған байқау қатысушыларының өнерін республикалық «Дарын» орталығының директоры Тимур Нұркешев, ақын, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Әлтай және жоғары оқу орындарының оқытушылары сарапқа салды. Ашылу салтанатында Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан сөз сөйлеп, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.
Дарынды оқушылар шешендік өнер, көркемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық аспапта ойнау, ақындар айтысы, ақындар мүшәйрасы бойынша бақ сынады. Сайдың тасындай әр өңірден іріктеліп келген жүйріктер Ақтөбе жерінде қазақ халқының ұлттық кодын, ұлттық мұраларын дәріптеп, ана тіліміздің мәртебесін асқақтатуда өз білімдері мен дарынды қабілеттерін ортаға салды.
– «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» деп бабаларымыз айтқандай, біз үш күн бойы өнерлі өрендердің жүрек түбіндегі қайнар бұлақтан қайнап шыққан жақсы сөздерін естідік, өнерлеріне қанықтық. Болашақта ұлттың мерейін асқақтататын, Алаштың абыройын көтеретін, қазақ халқының көшінің алдына ес болатындай еңселі ұл-қыздардың өнерін көргенімізге, жүрегімізге түйгенімізге қуанып, марқайып қайтып бара жатырмыз. «Ақберен» байқауы – ұлттың өнерін, дәстүрін, бабалардан аманат болып келе жатқан байтақ өнерімізді насихаттауға, жастардың бойына сіңіруге бағытталған ұлттық жоба. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен сегізінші рет өткізіліп отырған байқау алдағы уақытта да жалғасын тауып, ордалы фестиваль болады деп есептеймін, – деген жүрекжарды пікірімен Аманжол Әлтай байқау нәтижесін қорытындылады.
Аталған додаға облыс бойынша Рудный қаласы мен Амангелді ауданынан 6 оқушы қатысып, «Шешендік, білгірлік» аталымы бойынша Тасты жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Марал Қабдырашова жүлделі ІІ орынға ие болды.
– «Ақберен» байқауына алғаш рет қатысып отырмын. Осыған дейін облыстық «Мақатаев оқулары» байқауы мен республикалық «Абай әлемі» байқауларында, пікірсайыс турнирлерінде өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көріндім. Сөз өнеріне бала күннен қызығушылығым артып, би-шешендердің даналық сөздерін санама түйіп келемін. Ақтөбе жерінде алған жеңісімді туған еліме арнаймын, – дейді дарынды оқушы. Маралдың жетекшісі – Тасты жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Жаукин Сәбитбек Мейрамханұлы. Ұстаз бен дарынды шәкірттің болашағына жарқын белес пен шығармашылық табыс тілейміз.
Гүлия БЕКЗАТҚЫЗЫ,
Амангелді білім
бөлімінің әдіскері
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!