Амангелді ауданының тумасы, соғыс ардагері, ақын, жазушы Ғабдол-Ғазиз Әмірхамзаұлының 110 жылдығына арналған «Ғабдол-Ғазиз Әмірхамзаұлы – майдангер, ұстаз, ақын, абыз ата» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
.jpg)
Рудный қаласындағы Жастар ресурстық орталығында Рудный қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі, мемлекеттік тілдегі кітапхана филиалының ұйымдастырумен өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты – ақын, майдангер, абыз атаның ұрпаққа қалдырған мұрасын жан-жақты насихаттау, ақынның шығармалары арқылы өскелең ұрпақты тәрбилеу.
Конференцияға ақындар, жазушылар, құрметті азаматтар, ақынның балалары, немерелері мен шөберелері, «Ауыл» және «Республика» партияларының өкілдері, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, кітапханашылар, Рудный қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы әлеуметтік-гуманитарлық колледж оқытушылары мен студенттері, №15 және №19 мектеп ұстаздары және оқушылары қатысты.

Ғайния Калимжановна мен Шәмшия Ғазизқызы
Ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Өмірді жырымен өрнектеген» атты ауқымды көрме ұйымдастырылды. «Жүректен құйылған лағыл жырлар», «Танылмай жатқан тарихпын...», «Өлеңмен өрілген отты жылдар» деп аталатын көрме бөлімдерінде ақынның 100 жылдығына орай басылып шыққан өлеңдері мен поэмалары, аудармаларының жинағы, ақын қолжазбаларының түпнұсқасы, еңбектері, мерзімді басылым беттеріндегі шығармашылығы, сондай-ақ, ол туралы кітап және мерзімді басылым беттеріндегі жазбалар қойылған.
Конференция барысында Ы.Алтынсарин атындағы әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің 2 және 4-курс студенттері соғыс ардагері жайлы, өмірбаяны мен атқарған қызметі, сұрапыл соғыстың сан қилы ауыртпалығын бастан кешірген кезеңдері, ақындық өнері, туындылары, ұстаздық жолы тақырыптарында баяндамалар жасады. Баяндамалар оқылған соң, №15 және №19 мектеп оқушылары мен келген қонақтар Ғабдол-Ғазиз Әмірхамзаұлының өлеңдерін оқыды.
Тағылымды жиынның соңында «Ауыл» ХДПП филиалының төрайымы Есеева Ғайния Калимжановна, «Respublika» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының маманы Олжағұлов Ерлан Бектепбергенұлы және А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Байдалы Рауан Жомартұлы конференция жұмысы туралы ойларын айтып, тілектерін білдірді.
Гүлжанат АМИРХАМЗИНА,
Л.Н. Толстой атындағы
Қостанай облыстық әмбебап-
ғылыми кітапханасы,
кітапханаларды дамыту
бөлімінің әдіскері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.