Бастапқыда «Балақай» атауымен құрылған қазіргі «Алтынай» халықтық-үлгілі би ансамблінің 20 жылдық шығармашылық кеші «Ұлы мұра» деген атаумен қалалық Балалар шығармашылығы үйінің төрінде өтті.
Мерейтойлық кеш ансамбльдің көркемдік жетекшісі Салтанат Нұрымованың үлкен экраннан көрсетілген таныстыру сөзімен бастау алды. Артынша артық шамдар өшіріліп, жарық сахна төріне Салтанат Ибраевнаның өзі періште образында шығып, шәкірттерімен қосыла әсем биден шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
– Міне, халықтық-үлгілі «Алтынай» ансамбліне, бізге 20 жыл толып отыр. 2002 жылы хореограф болып сол кездегі Пионерлер сарайына жұмысқа тұрдым. Дәл сол жылы кішкентай ғана бүлдіршіндері, 15 шақты балаларды жинап, «Балақай» тобын ашып едім. Артынша «Балақайдан» өсіп, «Алтынай» болдық. Енді, міне, бүгінгі күні шәкірттеріміздің саны 200-ден асып жығылады, – деп атап өтті Алтынай» халықтық-үлгілі би ансамблінің көркемдік жетекшісі Салтанат Нұрымова. – Шығармашылық кешті, өздеріңіз де көрген боларсыздар, періште образындағы бимен аштым. Бұны таңдауымның да өзіндік себебі бар. Сол арқылы шәкірттеріме жол нұсқаушы ұстазы, қамқоршысы екенімді мерекелік кешке көрермен болып келіп отырған ата-аналарыма жеткізгім келді.
Балаларының жетістігін қолдап, олардың өнер жолындағы ұстазына ризашылығын жеткізу мақсатында келген ата-аналар залды бос орынсыз қалдырды. Бәрі де бір-бір үйдің мақтанышы, жарқыраған жұлдыздарының өнеріне қошеметтерін аямады. Бірнеше би композицияларынан кейін, сәт сайын үлкен экранда көрсетілген бейнероликтер ансамбльдің тарихы, жеткен жетістіктерін баяндап отырды. Жиналған қауым да бейне-бір «Алтынай» ансамблі көрсеткен деректі фильмге саяхат жасағандай әсерде қалғанын жасырмады.
«Алтынайдың» өнерпаз қыздары кеш барысында «Қарлығаш», «Водопад», «Гномики», «Малайзия», «Жайдарман», «Хорезм», «Тундра», «Армян биі», «Үкілi домбыра», «Осетинская хонга», «Гүл шуағы», «Аққу-арай», «Томирис», «Кербез қыз» атты түрлі ұлттардың билерін, сонымен қатар халықаралық дәрежедегі «Күншуақ», «Звездный танец», «Танцевальная волна», «Тәңір күбірі», «Volnafest Sochi» шығармаларын орындады.
– Репертуарымызда 100-ден астам би композициялары бар. Кеш барысында ансамбліміздің сұлу қыздары барлық жанрда – халық билерінен бастап заманауи үлгідегі, сонымен қатар шетелдік жанрда өнер көрсетті. Шәкірттерімнің әрқайсысымен мақтанамын десем, артық айтпаспын. Олардың әрбір жетістігі менің мерейімді бір асырып тастайтын күшке ие. Биші қыздарымды еркелетіп «гаврики» деп те атаймын, – деп жымиды Салтанат Ибраевна. – Мерейтойлық кеш болғандықтан өте қобалжып тұрғанымды жасырмаймын. Жиырма жыл деген аз уақыт емес. Бұл – үлкен еңбек, ортақ еңбек дер едім. Ата-аналарымыздың еңбегі және әрине, балалардың еңбегі.
Ансамбльдің мерейтойына орай қалалық Балалар шығармашылығы үйінің басшысы Ляззат Баймусина сөз сөйлеп, Салтанат Ибраевнаға үлкен апасы ретінде жылы лебізін арнап, көп жылғы жемісті еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін облыстық білім басқармасының басшысы Айман Ибраеваның атынан Алғыс хат табыс етті. Қадірлі қонақтар мен ата-аналар қауымы да кеш барысында ізгі тілектерін білдірді. Шәкірттермен қатар ата-аналар да бірлесе өнер көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды. Бұл да ата-аналардың «Алтынайға» айтқан алғысы болса керек.
– Қыздарым Айзере мен Айзия Қыдырбекқызы «Алтынай» би ансамблінде өнер көрсетеді. Үлкен қызымыз Айзияны 1-сыныпқа барған шағында берген едік, міне, барып жүргеніне биыл 7-інші жыл. Ол С.Мәуленов атындағы гимназияның 7-сынып оқушысы. Биден бөлек №1 музыка мектебінің қазақ халық аспаптары ансамбілінің мүшесі. Ал кішкентай қызымызды былтыр 6-ға толған кезде апарып, қатарға қостық. Екеуі де үлкен ықыласпен барады. Жетекшілері Салтанат Ибраевна 40 жылға жуық бимен айналысатын өз ісінің шебері. Соның жиырма жылында осы «Алтынайдың» көркемдік жетекшісі екен. Мерейтойға арналған кешке екі қызымыздың өнерін тамашалау үшін әжесі ауылдан арнайы келді. Керемет кеш болды. Қыздарымыздың өнерін тамашалап отырып-ақ, үйірмеге барып жүрген уақыт аралығында олардың деңгейі қаншалықты өскенін байқап, риза болып қайттық, – дейді ата-ана Шұға Қоңқабай.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.