«Әншуақ» әуенмен тербетеді

Выпуск - №15(612)   :   19.04.2024
767

2

Елімізде алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әншуақ» балалар әндерінің фестивалі өтеді. Бұл – өскелең ұрпақтың мәдени өміріндегі ерекше оқиға. Оның басты мақсаты – халқымыздың ұлттық ерекшелігі мен рухани мәдениетін дәріптеу.

1

«Әншуақ» балалар әндерінің фестивалі аясында бірқатар іс-шаралар жоспарлы түрде өткізіледі. Мысалы, Алғыс айту күніне орай, Өнер мектебінің оқушылары жергілікті композитор, Қостанай облысы меценаттар клубының «Шабыт» сыйлығының лауреаты, ҚР композиторлар одағының мүшесі Дерипсалдин Жарқынбек Есенұлымен кездесті.
Фестиваль аясында, ақпанның 1-інен бастап еліміздің түкпір-түкпірінде балалар әндерінің челленджі басталады. Оған 6 жастан 18 жасқа дейінгі кез келген бала қатыса алады. Ол үшін TikTok әлеуметтік желісінде #ӘНШУАҚ ортақ хэштегінің астына балалар әнінің жанды орындалған бейнесін жүктеу қажет. Қорытындысы маусымның 1-інде Халықаралық балаларды қорғау күнінде шығарылады.
Сонымен қатар, дәл осы күні еліміздің әрбір елді мекенінде Open Air форматында концерттер ұйымдастырылып, елорданың өзінде «Әншуақ» фестивалінің гала-концерті өтеді.

А.Какимов,
Өнер мектебі директорының орынбасары,
Әулиекол ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.