Арқалық қаласының өнері мен мәдениетін халықаралық деңгейде танытып жүрген AyKaz (Айказ) өнер академиясы тағы бір толағай табысқа қол жеткізді.
Өнер академиясының жетекшісі Балғынбаева Айгерім Мейрамбековнаның басшылығымен өнерпаздар Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен «TURANIA» халықаралық өнер фестиваліне қатысып, өнерлерін жоғары деңгейде паш етті. Аталған фестивальде Қазақстан, Ресей, Беларусь және Түркия елдерінің өнер ұжымдары бақ сынап, өнер додасында өзара шеберліктерін сарапқа салды. Байқау барысында орта жас санатында өнер көрсеткен Арқалық қаласының өнерпаздары үздік өнерімен ерекшеленіп, мәртебелі І орынға ие болды. Бұл – тек өнер академиясының ғана емес, бүкіл Арқалық қаласының мерейін асқақтатқан үлкен жетістік.
Халықаралық сахнада ел намысын қорғап, туған қаламыздың атын таныту – зор мақтаныш әрі үлкен мәртебе. Ата-ана ретінде осы байқауға арнайы барып, балаларымыздың өнер додасындағы өнерлеріне тікелей куә болудың сәті түсті. Алған әсерімізді сөзбен айтып жеткізу қиын. Сахнаға шыққан әрбір бала жоғары деңгейде өнер көрсетті. Балалардың дайындығы, сахна мәдениеті, орындау шеберлігі мен өздеріне деген сенімділігі таңғалдырмай қоймады. Көрермен ретінде ерекше толқыныс пен мақтаныш сезімін бастан өткердік. Осындай жоғары деңгейдегі дайындықтың артында жетекшінің тынымсыз еңбегі, балалардың ізденісі мен ата-аналардың қолдауы тұрғаны анық. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен жеңіске деген ұмтылысты көру – біз үшін үлкен бақыт.
Ыстанбұлдан керемет әсермен, көтеріңкі көңіл-күймен және мақтаныш сезімімен оралдық. Өнер – ұлттың рухани байлығы, ал жас таланттарды тәрбиелеп, олардың қабілетін шыңдап, үлкен сахнаға жол ашу – үлкен жауапкершілік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Осы жолда еңбек етіп жүрген жетекші Балғынбаева Айгерім Мейрамбековнаға және өнерлі шәкірттерге ерекше алғыс білдіреміз. Жеңіс құтты болсын! Арқалықтың өнерлі жастары биік шыңдарды бағындырып, қазақ өнерінің мерейін әрдайым үстем ете берсін!
Тамаша ҚОЗБАҚОВА,
Жалпы практика дәрігері,
Арқалық қаласы
Для меня счастливо сплелись преподавание русского языка и литературы в школе и возможность проявить себя в журналистике. Работая со словом, я на страницах газеты могу выразить свои мнения, размышления, впечатления, поделиться достижениями коллег, учеников. Освещаю активную профсоюзную деятельность в образовательной сфере города Рудного. С удовольствием пишу и о спортивных мероприятиях, потому что сам неравнодушен к спорту. И очень приятно, что мои творческие порывы находят признание и в редакции, и у читателей «Учительской плюс».
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.