Амангелді ауданы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, Мәдениет үйінде көркемөнерпаздар шығармашылығының дамуына ықпал ету мақсатында дарынды жастардың қатысуымен «Армандастар» фестиваль-байқауы өтті.

Театр және хореографиялық өнердің түрлі жанрларында дарынды орындаушыларды анықтауды көздеген байқауға жалпы білім беретін мектептер бойынша үздік шығармашылық ұжымдар қатысты. Байқау барысында би ұжымдары «Халық биі» және «Заманауи би» аталымдары бойынша өнер көрсетсе, театр ұжымдары «Драмалық қойылым» мен «Қуыршақ спектаклі» бағытында сынға түсті. Байқаудың ашылу салтанатында білім бөлімінің басшысы Мұрат Дихамбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Білім және ғылым министрлігі 2021 жылдан «Балалар және театр» жобасын іске асырып келеді. Жоба аясында Амангелді ауданының жалпы білім беретін мектептерінде театр клубтары ашылып, өнерлі де дарынды оқушылар клуб құрамына қабылданған болатын. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, театр өнерінде дарынды оқушыларды анықтау мақсатында өткізіліп жатқан бүгінгі байқау барысында бишілер ұжымы да өнерлерін көрсететін болады. Байқау қатысушыларына сәттілік тілеймін, – деді Мұрат Сембайұлы.

Әділ қазылар алқасы әрбір ұжымның өнерін белгіленген критерийлерге сәйкес бағалап, жеңімпаз ұжымдарды анықтады. Нәтижесінде хореографиялық ұжымдар арасында Бас жүлдеге Амангелді мектебінің «Гүлдер-ай» би ұжымы; І орынға Ы.Алтынсарин мектебінің «Мереке» би ұжымы және Б.Қолдасбаев мектебінің «Сымбат» би ұжымы; ІІ орынға Жаңа ауыл мектебінің «Сымбат» би ұжымы және Амантоғай мектебінің «Аяла» би ұжымы; ал ІІІ орынға Саз мектебінің «Сымбат» би ұжымы, А.Нұрманов мектебінің «Айгөлек» би ұжымы және Құмкешу мектебінің «Жауқазын» би ұжымы ие болды. «Заманауи биді үздік орындау» аталымы Жасбуын мектебінің шығармашылық ұжымына табысталды.


Театр ұжымдары арасында Бас жүлдені А.Нұрманов мектебінің театр ұжымы; І орынды Жаңа ауыл мектебінің театр ұжымы; ІІ орынды Амангелді мектебінің театр ұжымы және Б.Қолдасбаев мектебінің ұжымы; ал ІІІ орынды Құмкешу, Жалдама, Жасбуын мектептерінің ұжымдары қанжығасына байлады. Сондай-ақ «Үздік орындаушылық шеберлік» аталымына Н.Мейірманов мектебінің театр ұжымы ие болды. Фестивальдің барлық жеңімпаздары Амангелді ауданы білім бөлімінің мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» БЖШО,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.