Ән – халық мұрасы, ал халық әндері – сарқылмас қазына. Рудный қаласындағы «Алые паруса» көркемөнерпаздар халық шығармашылығы үйінде қазақ халық әндерінің «Әсем әнім» қалалық байқауы өтті.

Кез келген халықтың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан мәдениеті болады. Оның бір саласы – тарих болса, келесі бір арнасы – әдебиет пен өнер. Халкымыздың ғасырлар тереңінен жеткен саз өнері үлкен екі арнада көрінеді. Олар: ән және аспаптық дәстүр. Халық әндерін жай ғана ән салу, көңіл көтеру деп түсінуге болмайды. Себебі, әннің толып жатқан өзге қасиеттері де бар.
Ең алдымен, ән – өнер. Ән – адамның көңіл-күйі, тебіренісі мен толғанысы, қуанышы мен жұбанышы бола білген. Ән – табиғат суреттемесі. Ән – халық өмірінің айнасы. Олай болса, бізге әсер еткен өмір құбылыстарының барлығы дерлік ән мен жырдың арқауына айналып отырған деуге әбден болады. Сөйтіп өнердің әр саласы кәсіби сипатқа ие бола бастайды.
Сол халық әні өнерін насихаттау мақсатында өткен «Әсем әнім» байқауына Қашар кентінен Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебіміздің өнерлі ұстаздарынан құралған «Әгугай» вокалды инструменталды ансамблі қатысып, жүлделі 1-орынға ие болды. Ұлттың ұлы құндылығы – халық әндері асқақтай берсін дегім келеді.
Ұлбосын СӘБДЕНБЕКОВА,
Ә.Бөкейхан атындағы
ЖББМ бастауыш
сынып мұғалімі,
Рудный қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.