Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

«Асық party» акциясы өтті

Выпуск - №48(444)   :   06.12.2020
394

Жуырда Амангелді ауданындағы «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағытын жүзеге асыру мақсатында «Асық party» акциясы өтті.

Ұмытылып бара жатқан ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртып, жас ұрпақтың ұлттық ойын түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ халқының төл мұрасын қастерлеуге баулу мақсатында өткен акцияға оқушылар белсенділікпен қатынасты. Акция барында қосымша білім беру орталығының басшысы Ербол Әбілғазыұлы сөз сөйлеп, жобаға атсалысқан ұстаздар мен оқушыларға алғысын білдірді.



– Асық ату – қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Халқымыз ерте заманнан қой шаруашылығымен айналысқандықтан, балалар ойындарының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі ықылым заманнан бері келе жақтан көнелерінің бірі болып табылады. Ұлттық ойындарымызды жас ұрпаққа дәріптеп, насихаттау – баршаға міндет», – деді Е.Әбілғазыұлы.



«Асық party» акциясы барысында оқушылар 3000-ға жуық асық жинады. Ең көп асық тапсырған оқушылар Алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді. Енді сол жиналған асықтардан түрлі бұйымдар жасалып, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Асық taim» көрмесі және «Асығың алшысынан түссін!» турнирі ұйымдастырылмақ.


Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер шығармашылық
орталығының көркемдік
жетекшісі,
Амангелді ауданы

 

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.