Ахаңның атындағы көшелер

Выпуск - №45 (542)   :   20.11.2022
582

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы шеңберінде өңіріміздің елді мекендеріндегі Байтұрсынұлы атындағы көшелер арасында байқау өткізді.

Облыс бойынша А.Байтұрсынұлы атында барлығы 28 көше бар. Байқаудың іріктеу кезеңінде қазылар алқасы көшелерді тазалау және абаттандыру, концерттік бағдарламадан, Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан үзінді оқудан, ұлттық ойындардан, Ахаңның өмірбаянын, шығармашылығын білуге арналған викторинадан тұратын салтанатты шара өткізу критерийлері бойынша лайықты материалдарды таңдап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

Жақында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің мәжіліс залында аталған байқау еңімпаздары лайықты марапаттарына ие болды. Нәтижесінде Науырзым ауданы «Ынтымақты көше», Әулиекөл ауданы «Ең әсем, таза көше» номинациялары бойынша марапатталып, әділ қазылар алқасның шешімімен Жітіқара қаласы – жүлделі ІІІ орын, Қостанай қаласы – жүлделі ІІ орын, ал Жангелдин ауданының Торғай ауылы жүлделі І орынды иеленіп, Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың қолынан марапатталды. Ерлан Болатұлы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, дипломдар мен сыйлықтарды табыстады.

Шараның екінші бөлігінде облысымызға танымал қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері халық ақыны, ұстаз Беркенова Әсия Әйіпқызы, белгілі журналист Аязбеков Жанұзақ Аязбекұлы және «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының директоры Ипбергенов Ербол Қуанышұлы сондай-ақ «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Құлабаев Нұрқанат Жүнісұлы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтой медалімен марапатталды.

Тоты АЙТМАҒАМБЕТОВА,
«Тілдарын» облыстық
тілдерді оқыту
орталығының басшысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».