Көктемнің шуағы төгіліп, табиғаттың жаңаруымен бірге келетін әз-Наурыз – халқымыз үшін ең ұлық мерекелердің бірі. Бұл күн – жаңа жылдың бастамасы ғана емес, бірлік пен татулықтың, ізгілік пен мейірімділіктің нышаны саналады.
Дәстүрімізді дәріптеп, жас ұрпақ санасына игі құндылықтарды сіңіру мақсатында еліміздің білім ошақтарында тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондай тағылымға толы жиындардың бірі қаламыздағы №24 жалпы білім беретін мектептің 2 «Б» сыныбында өткізілді. Оқушылардың ата-аналары да белсене атсалысқан тәрбиелік сабақты сынып жетекшісі Алтынай Ещанова ұйымдастырып өткізді. Мектеп директоры Норгуль Касенова атап өткендей, тәрбиелік жиын «Наурызнама» онкүндігі аясында қолға алынған.
«Наурызнама» – Наурыз мейрамының мән-мағынасы мен мазмұнын байытып, әртүрлі мәдени және дәстүрлі іс-шараларды қамтиды. Әр күн қазақ мәдениеті мен қоғамының байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылыққа арналады. Яғни, қайырымдылық пен мәдени шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қоғамның барлық саласын қамтуға бағытталған. Мәселен, 2-сыныпта өткен іс-шарада ұстаздары Алтынай Қайратқызы оқушыларды қазақ халқының тәрбиелік мәні зор дәстүрлерімен таныстырып, қазақ халқының өмір сүру қағидаларының бірі саналатын тыйым сөздерге де ерекше мән берді.
– «Ұят болады», «Жаман болады», «Обал болады» сынды ұстанымдар халқымыздың ғасырлар бойғы даналығының көрінісі. Бұл сөздер жай ғана ескерту емес, олардың әрқайсысы терең мағынаға ие. «Нанды баспа – обал болады» деген тыйым балаға нанның қасиетін, еңбекке құрметпен қарауды үйретсе, «Үлкеннің алдын кесіп өтпе – ұят болады» деген қағида үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелейді. Осындай сөздердің тәрбиелік мәнін түсіну арқылы оқушылар ұлттық сана-сезімдерін қалыптастырып, дұрыс бағыт-бағдар алады, – дейді Алтынай Ещанова.
Сабақ барысында тағы бір маңызды тақырып – буллинг мәселесі көтерілді. Балалардың бір-біріне мейірімді болуы, өзгелердің сезіміне құрметпен қарауы – қоғамдағы өзара сыйластықты қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі. Өкінішке қарай, бұл күндері мектеп оқушылары арасында, буллинг жағдайлары кездеседі. Оқушылар сабақта буллингтің зияны, оны болдырмау жолдары жайлы мәлімет алып қана қоймай, қиындықтарды бейбіт шешудің әдістерін талқылады. Балалар барлық қозғалған тақырыптарға қатысты тәлім-тәрбиелік мәні зор кішігірім сахналық көріністер қойып, өнерлерін де ортаға салғанын ерекше атап өткен жөн.
Наурыз – халықтың бірлігі мен ынтымағын нығайтып, татулық пен ізгілікті насихаттайтын ерекше мейрам. Осындай тәрбиелік сабақтар оқушыларға халқымыздың бай мұрасынан сусындап, мерекенің шынайы атмосферасын сезінуге мүмкіндік берді. Қазақ халқының дәстүрлері – тек өткеннің белгісі емес, олар – болашаққа бағдар, ұрпаққа үлгі.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.
«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.