Қостанай қаласындағы Мәриям Хәкімжанова атындағы №20 орта мектепте І.Омаров атындағы қазақ драма театрының актері, ҚР-ның мәдениет қайраткері Қабдул-Мажит Иманов ағамызбен кездесу өтті.

Бұл жолы кездесу сахна өнері жайлы емес, қазақ халқының ұлттық аспабы, баға жетпес құндылығы домбыра жайлы «Күмбірле, күй домбыра!» деген тақырыпта өтті. Кездесу кеші жүргізуші Әмина Сейфетованың: «Домбыра сенде мін бар ма? Мінсіз болсаң тіл бар ма? Тіл жоқ деуге бола ма? Тілден анық үн барда!», – деп оқыған Ілияс Жансүгіровтың өлең жолдарымен басталды. Кешке өзім жетекшілік ететін 9 «А» сыныбының оқушылары қатысты. Аталмыш шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан атбегі, қолөнер кәсібімен шұғылданатын шеберлерді дәріптеу.
Басқосуда домбыраның шығу тарихы туралы небір аңыз-әңгімелер айтылды. Кездесудің құрметті мейманы ұлттық аспаптың құрылысын, жасалу жолдарын да түсіндірді.
– Кейбіреулер «Домбыраның бес мың жылдық тарихы бар» деп жүр. Оның тарихы одан әріде болуы мүмкін. Алтайдағы бір үңгірден көне домбыра табылыпты. Біз қолданып жүрген домбыралардың ойығы бетінде орналасқан болса, әлгі үңгірден табылған домбыраның ойығы артында екен. Соған қарағанда, домбыраның тарихы тереңде болуы бек мүмкін. Аңыз өз алдына, домбыра – қазақтың жаны, мұңдасы, сырласы, ақиқаты, – деп ағамыз ойымен бөлісті. Кездесу барысында оқушылар домбыра жайында көптеген сұрақтарын қойып, оның тарихы жайлы беймәлім деректерге қанық болып, бір марқайып қалды.
Сыныбымның өнерлі қыздары – Альбина Ахматгалина мен Айдана Кужемратова «Кербез сұлу» атты күйді күмбірлете ойнап, оқушылар мен қонақтарға тарту етті. Ұрпақ бойына рух дарытып, қазақтың кім екендігін танытатын домбыраның қадір-қасиетін арттыру мақсатында мектебімізде осындай кездесулер әлі де жалғасын таппақ. Ұлттық аспабымыз осылайша ұлықталып жатқанда, домбыра жасау шеберімен кездесу – жас ұрпаққа ой салып, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге шақырары анық.
Жазира ОҚАСОВА,
М.Хәкімжанова атындағы
№20 ОМ ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!