Театр – әрбір балаға қуаныш, ұмытылмас қызықты әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Біздің №27 ЖББ мектебі ашылғалы бері, білім ордамызда «Тақырып» театр үйірмесі жұмыс істейді.

Аталмыш үйірмеге тәжірибелі ұстаз Салтанат Асаниязқызы жетекшілік етеді. Осы кісінің табандылығымен құрылған «Тақырып» театр үйірмесінің оқушылар ұжымы осы уақытқа дейін аудан, қала, облыс және республика көлемінде өз шығармашылықтарын көрсетіп жүр. Талантты өнерпаз жастардың басын қосқан ұжым қарашаның 25-27 күндері өткен «Өнер сиқыры» атты халықаралық көп жанрлы конкурсына жолдама алып, Астана қаласына сапар шеккен болатын. Нәтижесінде облыстың ғана емес, мектебіміздің де абыройын асқақтатып, І орынды қанжығасына байлап келді.
Шығармашыл оқушылардан құрылған бұл үйірмеде 5 «Б» сынып оқушысы Мелисса Шәкенова, 6 «Б» сынып оқушысы Александр Лихтарович, 6 «Г» сынып оқушылары Арыстан Шәкенов, Рамина Ерболатова, Дастан Ахметжанов, 6 «Б» сынып оқушысы Дильназ Омарова, 6 «В» сынып оқушылары Аружан Абай, Аружан Аймухамедова, Диана Мумбаева өнер көрсетеді. Бұған дейін, нақтылар болсақ маусымның 18-інде Алматыда өткен халықаралық шығармашылық байқауда «Бас жүлдені» жеңіп алған-тын.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау және өскелең ұрпақты театр өнері әлеміне тарту мақсатында Қостанай қаласының білім беру ұйымдарының «Балалар және театр» ағартушылық жобасы мектебімізде осылайша жүзеге асырылуда. Бұл жобаның басым бағыттарының бірі – балалардың драмалық қойылымдарға деген ынта-жігерлерін ұштау, тетар өнеріне қызықтыруды көздейді. Жоба аясында театр ұжымы гастрольдік сапармен облыстағы Сарыкөл ауданына, қаламыздағы №16 ЖББ мектебіне барып, қойылымдарын көрермендер назарына ұсынған еді. Енді алдағы ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанада көрсеткен қойылымдарын мектебіміздің оқушыларына ұсынбақ.
Қазақ халқында «Қарғыс алма, алғыс ал» деген қанатты сөз тегін айтылмаса керек. Күні кеше қырық жылдан астам уақыт бойы мектепте қызмет етіп, талай шәкірттерді білім мен өнерге баулыған Салтанат Асаниязқызына ұжым алдында құрмет көрсетілді. Мектебіміздің басшысы Айымгүл Серікбайқызы «Тақырып» театр ұжымын құрып, оны аз уақытта халықаралық деңгейге дейін көтерген ұстаздың өлшеусіз еңбегіне алғысын білдіріп, кейінгі буын ұстаздарға үлгі етті.
Театр – тәрбие мектебі, театр – тәлім, рухани азық алар орда. Ол – көрінгеннің ермегі емес, үлкен еңбек. Еңбектің көркемі. Мектебімізбен бірге өсіп кле жатқан «Тақырып» театр үйірмесінің жас өнерпаздарына алдағы уақытта да биіктерден көрініп, өнердің шыңын бағындара беруін тілейміз.
Жаслан БЕКЕНТАЕВ,
№27 ЖББ мектебі
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.