Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
15/03/26 Воскресенье

Берекелі отбасы қоғамды көркейтеді

Выпуск - №37(433)   :   18.09.2020
412

Биыл алғаш рет республика көлемінде жас отбасылардың «Otau fest» онлайн фестивалі өтті. Қыркүйектің 12-13 аралығында ұйымдастырылған ауқымды додаға облысымыздың атынан Әулиекөл ауданының Милақатовтар отбасы қатысып, жеңімпаздардың бірі атанды.

Байқаудың барысы мен қалай өткендігіне тоқталмас бұрын Милақатовтар жанұясының отағасы мен отанасы, Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебінде «қол ұстасып», ұстаздық жолда қызмет етіп жүрген Нұрымжан мен Альбинаны таныстырып өткенді жөн санап отырмын. Тағдыр мәселесіне келгенде адамдар кейде сенімсіздікке ерік беріп жатады. Бәріне дәл қазір, уақытынан бұрын қол жеткізгісі келетіні тағы бар. Дегенмен әр нәрсенің өз уақытымен орын алатындығына тағы бір мәрте куә болдым. Біз сөз еткелі отырған жандардың таныстығы жайлы естігенде «Тағдыр деген осы шығар. Оның уақыт пен орынды талғамайтыны рас-ау» деп еріксіз ойланасың.
Ер адамнан гөрі жаратылысы нәзік жандар сезімтал келеді емес пе. Әрбір ұсақ-түйекті жадында сақтап қалатын қасиетке ие, ал өміріндегі аса бір жауапты сәттер болса жөні тіптен бөлек. Сол себепті алғашқы таныстық жайлы сұрақтың жауабын Альбинаның өзінен сұрап-білдік. Ол Қаратөбе ауданына қарасты Ханкөл ауылында дүние келген. Сол жерде орта білімді тәмәмдаған соң, 2012 жылы Арқалық қаласының мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі.

«Жолдасыммен сол жылы қыркүйектің 16-сы күні кешкісін волейбол ойнап жүрген кезде таныстық, – дейді күліп. – Студенттік шақ. Екеуміз де жатақханада тұратынбыз. Мен тұратын бөлмеде Назгүл есімді пысық қыз болатын. Күнде кешкісін ұлдардың волейбол ойнайтынын білген ол, мені болмай далаға алып шықты. «Картошка» деген ойын ойнадық. Оның шарты бойынша бір-бірімізге доп лақтырамыз, ал қолынан доп түсіп кеткен адам шеңбердің ортасында отырады. Сөйтіп Нұрымжан екеуміз «картошка» болып ортада пісіп отырғанда таныстық. Әлі күнге дейін бәрі қазіргідей көз алдымда. Екеуміздің де үстімізде сұр спорт киімі болғаны да есімде қалыпты.



Екі жылдан соң, 2014 жылы бір-бірін бір көргенен ұнатып қалған қос ғашық шаңырақ көтерді. Қазанның 16-сы күні Жайықтың қызы Альбина ұзатылып, сол айдың 26-сында тойлары өтті. Бүгінде Нұрәли (суретте), Алтыншаш және Жан есімді үш балапанына тағылымды тәрбие беріп, елінің лайықты тұлғасы болып өсуі жолында бірлесе еңбек етуде. Нұрымжан – география пәнінің, ал Альбина – математика пәнінің мұғалімі. Жас отбасының көптеген сайыстар мен жобаларға қатысып, жеткен жетістіктері де аз емес. Белсенділігімен көзге түсіп, еңбегі еленіп жүрген отағасы Нұрымжанның есімі де көпшілікке жақсы таныс. Олар республикалық, облыстық, аудандық сайыстардың белсенді қатысушысылары. Екеуі де өткен жылдың шілде айында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай берілген мерейтойлық төсбелгісінің иегерлері. Әрине жетістіктердің барлығы талмай еткен еңбек пен білімнің, ең бастысы бір-біріне деген шексіз қолдау мен сенімнің арқасы.
Күні кеше Отбасылар күніне орай ұйымдастырылған «Otau fest» онлайн фестиваліне қатысып, жеңімпаздардың бірі атанып, 100 мың теңгенің сертификатын иеленді. Аталмыш фестиваль «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ «Бөпе» отбасы және неке институтын жаңғырту қоғамдық қорымен» серіктестікте «Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі іс-шаралар кешені» мемлекеттік гранты шеңберінде ұйымдастырылып, оған «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсетті.
Екі кезеңнен тұрған фестиваль талаптары бойынша қатысушылар алғашқы кезеңде отбасының жеткен жетістіктері сипатталған презентацияны, ал екінші кезеңде арнайы әзірленген бейнероликтерін жіберулері керек болды. Еліміздің 17 аймағы мен 2 қаласынан 170-ке жуық отбасы қатысқан фестиваль нәтижесінде әр облыстан 3 үздік отбасы анықталып, ақшалай сертификаттың иегері атанды. Жеңімпаз атанған Милақатовтар отбасының ендігі мақсаты – республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып, жүлдегер атану.


Жамал ШАУКЕН
 

Реклама

Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.