Би өнері – тілсіз өнер

Выпуск - №47 (544)   :   02.12.2022
1656

«Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал», – деген кеңес педагогі В.А. Сухомлинский тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажет екендігін атап көрсеткен болатын. Сол өнердің бірі – би өнері.

Би – музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін, тілсіз болғанмен, көпшілікке түсінікті өнер түрі. Би өнері адам өмірінің эмоциялық табиғаты мен оны қоршаған табиғи ортаны бейнелеген көркемдік шығармашылық салаларында елеулі орын алды. Міне, осы тұрғыда біздің Федоров ауданының балалар шығармашылығы үйіндегі жаңа би үйірмесі жайлы сөз қозғағым келіп отыр. Қазіргі таңда «Күншуақ» би үйірмесінің жетекшісі – Зия Нуршаш.

Үйірменің негізгі мақсаты – балалардың би өнеріне деген қызығушылықтарын арттырып, ұлттық нақыштағы халық билерін, балаларға арналған сюжеттік билерді, жеке орындаушыларға арналған арнайы қойылатын жеке билерді үйрете отырып, тұлғаны қалыптастыру. Жалпы би өнерін дұрыс оқыту – бұл тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу деген сөз. Оның балалардың дене бітімінің әдемі болып қалыптасуына үлесі зор, яғни нағыз денсаулықты шыңдайтын үйірме. Би – өмір сүру символы. Ол адам баласын үнемі көтеріңкі көңіл-күйде, қанаттанып жүруге мәжбүрлейтін өнер.

Жүргізіліп жатқан үйірмеге 6-9 жас аралығындағы 20 оқушы қатысады. Шәкірттердің бойында би өнеріне деген икемділікті дамыту арқылы оларды әсемдікке, сұлулыққа, сонымен қатар сахна мәдениетіне баулып келеді. Аталған үйірменің тәрбиелік маңызы да зор. Бүгінде кішкентай бишілеріміз ұлттық биіміз «Қазақ» биі мен заманауи «Қуыршақ» биін үйреніп, мектептік іс-шараларда өнер көрсетіп жүр. Жаңа жыл мерекесіне орай «Санта клаус» биін үйренуде.

Жас өнерпаздарымыздың өнеріне алдағы уақытта да сүйсініп, әлі талай биік белестерден көрінетініміз айқын. Себебі үйірмеге келіп жүрген балалардың би өнеріне деген қызығушылығы жоғары екенін атап өтсек ләзім. Ата-аналар тарапынан да осы үйірмеге деген белсенділік байқалуда. Өскелең ұрпақтың би үйірмесі балалардың әсемдік пен дене сымбатының дұрыс қалыптасуына, өзіне деген сенімділігін арттырып, тұлғасының ерекшелігін сезініп, жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен ықпал етеді.


Назым БАТЫРБАЕВА,
Балалар шығармашылығы
үйінің директоры,
Федоров ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.