Қостанайда білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Болашақ» облыстық хореографиялық байқауы өтті. Өңірдің қалалары мен аудандарынан келген 40 би ұжымы үш жас санаты бойынша бақ сынап, үздіктер анықталды.
Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығының ұйытқы болуымен өткізілген шығармашылық додасы Қостанай қаласындағы балалар шығармашылық мектебінде өнерпаз жастардың басын қосты. Таңертеңнен кешке дейін жалғасқан байқау хореографияға бейімі бар өнерпаздарды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға қолдау көрсету және би ұжымдары арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасауды мақсат етті.
Бұл байқау тек қосымша білім беру ұйымдарына ғана емес, жалпы білім беретін мектептер жанындағы хореографиялық ұжымдарға да арналғанына тоқталып өткен жөн. Әсіресе шалғай аудандардан келген балалар үшін өзге би ұжымдарының өнерін тамашалап, тәжірибе жинақтау, қатарластарымен танысып, жаңа дос табу маңызды екенін айтады Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жанна Исмурзинова.
Жас ерекшелігіне сай бәсеке
Байқау ережесіне сәйкес, әр ұжымда кемінде сегіз биші болуы керек. Қатысушылар «Халық биі» және «Заманауи би» номинациялары бойынша өнер көрсетті. Ал жас ерекшеліктеріне қарай үш санатқа бөлінді: кіші топ – 8-10 жас, орта топ – 11-13 жас, ал жоғары топ – 14-16 жас. Сахнаға Арқалық, Қостанай, Рудный қалаларынан және Қарасу, Жангелдин, Сарыкөл, Бейімбет Майлин, Қарабалық аудандарынан келген би ұжымдары шықты. Қорытынды нәтижелер қала мен аудан ұжымдарының өзара бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.
Кіші жас санатында бірінші орынды Арқалық қаласының «Тұмар» және Қарасу ауданының «Sandi dance» ұжымдары теңдей бөліссе, Қостанайлық «Ай-Ару» екінші орынды, ал Рудный қаласының «Карамельки» ұжымы үшінші орынды иеленді. Орта жас санатында Жангелдин ауданының «Нұршуақ» ұжымы үздік деп танылды. Қостанай қаласының «Хамелеон» ұжымы екінші тұғырға, Сарыкөл ауданының «Жан KZ» ұжымы үшінші тұғырға тұрақтады.
Жоғары жас санатында жиналған жұртшылықтың қошеметіне бөленген Бейімбет Майлин ауданының «Даймондс» ұжымы бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Қарабалық ауданының «Ручеек» және Қостанай қаласының «Адель» ұжымдары қанжығасына байласа, жүлделі үшінші орынды Арқалық қаласының «Арман» және Рудный қаласының «Жемчужина» ұжымдары өзара бөлісті.
Нәтижелерге назар аударсақ, Қостанай қаласының ұжымдары үш жас санатының барлығында жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сонымен қатар аудан ұжымдары да жоғары нәтиже көрсетіп, бірінші орындардың басым бөлігін иеленді. Бұл – өңірдегі хореографиялық өнердің тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда да арқынды түрде дамып келе жатқанын аңғартады.
Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Байқаудың маңызы жүлделі орындармен ғана өлшенбейді. Балалардың сахнаға шығып, өзге ұжымдардың өнерімен танысуы, ұлттық мәдениеттің мәнін түсінуі де шығармашылық дамудың маңызды құрамдас бөлігі. Би жетекшісінің айтуынша, қазіргі таңда балалардың биге деген қызығушылығы жоғары. Заманауи би кең таралғанымен, ұлттық мәдениетті, сахна мәдениетін сақтау және қазақ биін шетелдік көрерменге таныту – маңызды міндеттердің бірі болып қала бермек. Сондықтан ұжымдар заманауи бағыттармен қатар ұлттық биді де дамытуға басымдық беріп келеді.
Бұл жолғы «Болашақ» облыстық байқауында ұжым көрермен назарына «Қазақ биі», «Көктем сазы» және эстрадалық бағыттағы «Мен қазақпын» билерін ұсынған. Әртүрлі жанрларды қатар алып жүру балалардың шығармашылық мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға да айрықша ықпал етеді. Тартысты өткен шығармашылық доданың нәтижесінде ұжымның жүлделі орынға ие болуы – бишілердің дайындығы мен жетекшісінің тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Еңбек пен ізденістің нәтижесі
Сахнада жарқ еткен бірнеше минуттың артында көзге көріне бермейтін үлкен еңбек, табанды ізденіс пен ұзақ дайындық жатыр. Әрбір би қимылының мінсіз орындалуы, әуенмен үйлескен қозғалыс, сахнадағы әр әсерлі сәт – жүйелі жаттығудың, үздіксіз еңбектің және шығармашылық ізденістің жемісі. Музыка таңдау, би қойылымын әзірлеу, қимылдарды үйлестіру, сахналық образ қалыптастыру, костюмдер дайындау – мұның барлығы үлкен жауапкершілік пен мұқияттылықты талап етеді. Ал осы жұмыстың әр кезеңінде балаларға бағыт-бағдар беріп, олардың бойындағы қабілетті ашуға күш салатын жетекшілердің еңбегі мен ата-аналардың қолдауы айрықша маңызды.
Облыстық байқау жас бишілер үшін өз өнерлерін ортаға салып қана қоймай, шығармашылық мүмкіндіктерін бағамдап, қатысушылардың өнерінен үлгі алуға және жаңа тәжірибе жинақтауға жол ашты. Мұндай өнер додалары балалардың сахна мәдениетін қалыптастырып, көпшіліктің алдында өзін еркін ұстап, сенімін нығайтуына ықпал етеді. Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының дипломдарымен марапатталып, өз жетістіктерін қуанышпен қарсы алды.
Өнер додасы бір күнмен аяқталғанымен, оның балалардың жүрегінде қалдырған әсері мен берген тағылымы әлдеқайда терең. Бірі сахнаға алғаш рет шығып, қобалжуын жеңсе, енді бірі шеберлігін шыңдап, келесі белеске ұмтылуға жігер алды. Өйткені би – тәртіпке, төзімділікке, табандылыққа және ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек етуге үйрететін айрықша өнер. Ал осындай байқаулар жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін ашып, өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, арманына сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді.
Аружан ҚАМБАРОВА,
Нұрай НҰРБОЛАТҚЫЗЫ,
Суретті түсірген авторлар
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.