Бір кеш. Бір есім. Мәңгілік мұра

Выпуск - №9(705)   :   06.03.2026
526

Бір кеш Бір есім Мәңгілік мұра (1)

Сағымға сіңген сырлы саз бен жүрекке ұялаған жыр жаңғырығы өңір руханиятын тағы бір мәрте тербетті. Көрнекті журналист, ақын әрі композитор Ехсан Есетұлы Есетовті еске алуға арналған «Жарқын бейне» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Бір кеш Бір есім Мәңгілік мұра (2)

Тағылымды кешке ақын-жазушылар, қаламгердің келіні Күләш Біркенқызы, студенттер, музей қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жүргізуші ақынның жыр шумақтарын оқып, өмір жолына шолу жасағанда, зал ішіндегі көрермендер бір сәтке өткенге сапар шеккендей күй кешті. Алғаш болып сөз алған музейдің ғылыми хатшысы Назима Оташева қаламгер мұрасының мәні мен маңызына тоқталып: «Ехсан Есетұлы өңір журналистикасы мен әдебиетінің дамуына өлшесіз үлес қосқан тұлға. Оның шығармаларының тәрбиелік тағылымы терең, сол себепті есімі ел жадында мәңгі сақталады», – деп атап өтті.
Іс-шара аясында қамамгердің шығармашылық әлемі кеңінен сөз болды: оның әр жылдардағы еңбек жолы, қызмет атқарған басылымдары, сондай-ақ әңгіме, очерк, фельетон жанрларындағы туындылары таныстырылды. Оның «Согласно сол бойынша» атты фельетоны оқылып, көрермен көңілінен орын тапты. Кештің көркемдік тынысын әуезді ән мен күй айшықтай түсті. Жиында сөз алған еліміздің құрметті жазушысы Серікбай Оспанов қаламгердің әдебиеттегі орнына тоқталды: «Ехсан Есетұлының қаламынан туған дүниелер шынайылығымен құнды. Ол журналистикада да, поэзияда да өз қолтаңбасын қалыптастырған талант иесі».
Ал өлкетанушы, журналист Ибрахим Ағатайұлы да естелік айтып, қаламгердің елге сіңірген еңбегін ілтипатпен еске алды. Кеш соңында сөз алған Күләш Біркенқызы әулеттің атынан алғыс білдіріп, жүрекжарды естелігімен бөлісті: «Әкеміз елге сыйлы, отбасында да өнегелі жан еді. Осындай рухани кештің ұйымдастырылуы – біз үшін үлкен құрмет», – деді ол. Тағылымды кеш – тек өткенді еске алу емес, ұрпақ санасына ұлағат дәнін сеуіп, өнеге беру болды. «Жарқын бейне» рухани іс-шарасы арқылы Ехсан Есетұлының есімі тағы бір мәрте жаңғырып, оның асыл мұрасы өскелең ұрпақтың жүрегіне жол тартты.

Аружан АНИСОВА,
Айгерім БАХИТБЕК,
ҚӨУ журналистика
мамандығының
3-курс студенттері,
Суретті түсірген:
Ерболат СӘРСЕНБАЕВ

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.