Елдің ертеңі – бүгінгі жастардың қолында. Осы ұстаным негізінде «Қазақстан балалары» атты біртұтас бағдарлама іске қосылды. Бағдарлама балаларды қолдау, сапалы білім беру, қауіпсіз орта қалыптастыру және жан-жақты дамытуды бір арнаға тоғыстырады.
Бұл бастаманың өзегі – өскелең ұрпақты озық ойлы, білімді әрі ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу. Осы жолда рухани құндылықтарды насихаттау, әсіресе балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру – маңызды міндеттердің бірі.
Қостанайлық қаламгерлер де бұл іске өз үлестерін қосып отыр. «Ел кітап оқуы керек, ал оқуға баулуды балалық шақтан бастау қажет» деген ұстанымды негізге алған жергілікті жазушылар балаларға арналған үш томдық антологияны жарыққа шығарды. Топтамаға енген шығармалардың басты мақсаты – жас оқырманның ой-өрісін кеңейтіп, елін сүйетін, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Әбутәліп Әмірдің айтуынша, антология үш бағытқа бөлінген. Алғашқы «Ботақан» томы бастауыш сынып оқушыларына арналса, «Қоңырау» атты екінші жинақ орта буынға, ал «Алтын көмбе» томы 9–11-сынып оқушыларына бағытталған. Кітаптардың атауы жинаққа енген шығармалардың негізінде алынған.
Бүгінде бұл кітаптар жас оқырмандардың қызығушылығын арттырып, кітап оқуға деген ынтасын оятып келеді. Соның бір дәлелі – Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназиясы. Бір ғана оқу ордасының өзінен 120-ға жуық оқушы «Ботақан» атты алғашқы томды оқуға кіріскен. Оқу орнының басты мақсаты – балалардың кітапқа деген қызығушылығын дамыту, оқуға деген әуестігін ояту және білімді жан-жақты меңгеруіне жағдай жасау. – «Ботақан» кітабының авторлары жергілікті ақын-жазушылар болғандықтан, біздер мектеп ұжымы болып бұл шараны ең алдымен оқушыларды өз өңірінің қаламгерлерімен таныстыру үшін ұйымдастырдық, – дейді мектеп-гимназия директоры Нұргүл Касенова.
Кездесу барысында балдырғандар өздеріне таныс кейіпкерлерді сахналық көрініс арқылы бейнелеп, шығармалардың мазмұнын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Жазушылармен еркін әңгімелескен оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы бұрынғыдан да арта түсті. Алдағы уақытта жас оқырмандар облыс көлемінде өтетін «Үздік жас оқырман» байқауына қатысуды жоспарлап отыр. Осындай рухани бағыттағы бастамалар жас ұрпақтың кітапқа жақын болып өсуіне, елін сүйетін, білімді азамат ретінде қалыптасуына негіз болмақ.
Аружан АНИСОВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандығының
3-курс студенті
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.