Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған мәдени іс-шаралар халықтың рухани өмірін байытып, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға жол ашты. Осындай тағылымы мол мерекелік шаралардың бірі – «Наурыз достарын шақырады» халықаралық би фестивалі.
Бұл фестиваль тек өнер мерекесі ғана емес, түрлі ұлт пен ұлыстың басын қосқан достықтың, татулықтың алтын көпірі. Жетінші мәрте ұйымдастырылып отырған байқауға Ресей мен Беларусь елдерінен келген өнерпаздармен қоса еліміздің Қарағанды, Петропавл, Арқалық қалаларынан да талантты өнерпаздар жиналды. Түркі халықтарының мәдени мұрасын дәріптеп, ұлттық өнердің мәйегін сақтауды мақсат еткен фестиваль жыл өткен сайын ауқымын кеңейтіп келеді.
Келген қонақтардың бірі Мария Ковалева фестивальдің ерекше атмосферасын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай халықаралық алаңдар өнер арқылы халықтарды бір-біріне жақындастырып, мәдениеттердің өзара үндесуіне жол ашады. «Біз бұл фестивальге үлкен дайындықпен келдік. Бүгін көрерменге төрт түрлі би нөмірін ұсынамыз. Өзім осынау өнер түрімен бес жылдан бері айналысып келемін, ал бұл фестивальге екінші рет қатысуым. Әсіресе, маған мұндағы әр ұлттың мәдениетімен жақынырақ танысу мүмкіндігі ұнайды. Би арқылы біз бір-бірімізді сөзсіз түсінеміз», – дейді ол.
Алты жыл ішінде фестиваль сахнасында 90-нан астам балалар мен жасөспірімдер ұжымдары өнер көрсетіп, көрермен ықыласына бөленген. Биыл да қатысушылар әлем халықтарының бай би мұрасын паш етіп, тарих пен дәстүрдің үнін жеткізуде. Ұлттық нақыштағы әсем киімдер, әуезді әуендер мен мың бұралған билер бір сахнада тоғысып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Бұл тек мерекелік көңіл-күй ғана емес, жүректерді жақындастырған, мәдениеттерді табыстырған шынайы рухани кездесу.
Аружан АНИСОВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандығының
3-курс студенті
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.