Қостанайдағы №24 мектеп-гимназияның ұйымдастыруымен Қалалық балалар шығармашылығы үйінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Ботақан» кітабының авторларымен тағылымы терең, мазмұны бай кездесу өтті.
Қостанай қаласындағы «Қарлығаш» баспасынан жарық көрген «Ботақан» жинағының басты ерекшелігі – мұнда тек жергілікті ақын-жазушылар мен қаламгерлердің балаларға арналған өлеңдері мен шағын шығармалары топтастырылған. Аталған кітап «Кел, балалар, оқылық!» атты үш томдық антологияның алғашқы томы. Екінші томы – «Қоңырау», ал үшінші томы – «Алтын көмбе» деп аталады.
Қара сөздің қадірін терең түсініп, оқушылар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге айрықша көңіл бөліп келе жатқан №24 мектеп-гимназияның директоры Нұргүл Касенованың бастамасымен білім ордасы аталмыш кітаптың 117 данасын арнайы алдыртып, оқу жылының басынан бастап 4-сынып оқушыларына жүйелі түрде оқытуды қолға алған. Бүгінде оқушылар жинақпен белсенді түрде танысып, қызыға оқып жүр. Бұл – аса құнды әрі маңызды жұмыс.
Залда жиналған мектеп-гимназия оқушылары экран арқылы жергілікті ақын-жазушылардың шығармаларымен танысып қана қоймай, нақышына келтіріп көркем сөз оқыды. Айтқандай, мазмұны айрықша бірізділікпен құрылған іс-шара бағдарламасы аясында мектеп оқушылары «Ботақан» кітабынан алынған үзінділердің негізінде сахналық қойылымдар ұсынып, аталған кітаптың авторлары мен зиялы қауым өкілдеріне жылулық сыйлады. Бұл бастама балалардың әдебиетке қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдады.
– Кітап – рухани сарқылмас қазына. Ғасырлар бойы ұлы ойшылдар мен ғалымдар адамзаттың дамуы кітап оқумен тікелей байланысты екенін айтып келеді. Кітап оқыған бала ойлы, сауатты, сөздік қоры бай, ойын анық жеткізе алатын тұлға болып қалыптасады. Бүгінгі іс-шарамыздың басты мақсаты – оқушыларды кітап оқуға дағдыландыру, туған өлкенің ақын-жазушыларымен таныстыру және оларды түрлі байқауларға дайындау. «Ботақан» кітабы – осы мақсатқа қызмет ететін құнды еңбек, – деп атап өтті мектеп директоры Нұргүл Шакировна.
Тағылымды білім ордасының басшысы «Оқитын ел – озық ел» жобасының ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Адал адам, адал еңбек, адал табыс» қағидаттарымен үндес екенін айтып, кітап оқудың – ел дамуының басты кепілі екенін жеткізді. Ал іс-шараға арнайы қатысқан Қазақстан Жазушылар Одағының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Жанұзақ Аязбеков бұл бастаманың өңір үшін маңызына ерекше тоқталды.
– «Ботақан» кітабы – Қостанай өңірінде алғаш рет жүзеге асқан бірегей жоба. Бұл жинаққа тек жергілікті авторлардың шығармалары енгізілді. Оның басты артықшылығы – балалардың психологиясына, дүниетанымына жақын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін туындылардың молдығы. Егер осы кітаптағы бір ғана өлең немесе бір ғана шығарма баланың жүрегіне жол тапса, біз үшін бұл – үлкен жеңіс, – деді ол. Сондай-ақ ол жинақтағы шығармалар арқылы балалардың салт-дәстүрге, ана тіліне, ұлттық болмысқа деген құрметі арта түсетінін айтып, №24 мектеп-гимназияның бұл бастамасы облыс көлеміне үлгі болатынына сенім білдірді.
Өнегелі жиын аясында ерекше әсер қалдырған сәттердің бірі – залда отырған оқушылардың хормен Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін оқуы болды. Ал кеш соңында қазақ тілін дәріптеу мақсатында жастар Димаш Құдайбергеннің репертуарындағы «Тау ішінде» әнін хормен орындады.
– Маған бұл кездесу қатты ұнады. «Ботақан» кітабын толық оқып шықтым, «Өзен» өлеңін жаттап алдым, сонымен қатар Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерімен де таныстым. Сол себепті бұл кітаптан өзіме көп өнеге мен білім алдым, – дейді іс-шараға белсене қатысқан 4 «В» сынып оқушысы Мунира Айтуар.
Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы №24 мектеп-гимназиясы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, жас оқырмандарды үлкен жетістіктерге жетелеуді мақсат етіп отыр. «Оқитын ел – озық ел» жобасы аясындағы бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз.
Гүлнәз ӨМІРЗАҚ,
Аружан ҚОНАҚБАЕВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика
мамандығының
4-курс студенттері,
суретті түсірген:
Жамал ШАУКЕН
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.