Қандай жағдай болмасын, ұлттық рухымызды асқақтатып, әдет-ғұрып пен салт-санамызды сақтауымыз қажет екені сөзсіз. Қазақ елінің әрбір азаматы үшін ұлттық мәдениетін берік ұстау – міндет әрі парыз болмақ.

Елбасымыздың рухани жаңғыруға бағытталған мақаласын оқып шығып, осындай ой түйдім. Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Әрине, бұл ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол емес пе? Қазіргі қоғам көзқарасы қалыптасқан, зерделі де зерек тұлға тәрбиелеуі тиіс. Ол үшін ілім-білімге ұмтылып, жан-жақты жетілген жөн. Ата-баба сақтаған салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, діни нанымдарды, ұлттық нақышты дәріптеу сіз бен біздің қолымызда.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осы уақытқа дейін қоғамдық сананы сілкінту үшін көптеген игі істер атқарылды. Үстіміздегі жылы елімізде тұлғалық даму, ұлттық ерекшелікті сақтау және мемлекет пен азаматтық қоғамды дамыту бағытында көптеген жоспар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Солардың бірі – «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы. Жобаның мақсаты – көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыптан бас тартып, ұмыт болғанын жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру. Сонымен қатар қазақтың ұлттық асханасының ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу. Мақалада: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек», – делінген.
Расында, жастайынан дін мен дәстүрімізді, тағылымды тарихымызды оқып, сусындап өскен ұрпақ теріс ағымдар мен жат мәдениеттің жетегінде кетпейді. Салт-дәстүрі мен тарихына ерекше мән берген елдің тұғыры биік, іргесі берік болмақ. Халқымыз салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа өте бай. Ата-бабамыздан сан ғасырлар арқылы жеткен рухани құндылығымыз әрі қарай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мәңгі өмір сүруі тиіс. Себебі ұлтымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы ұрпақты өнеге мен білімге, елжандылыққа, ізгілікке, бауырмалдық пен өнегеге шақыруымен құнды. Әрбір халықты төлтума рухани құндылықтары мен ізгі қасиеттері ғана біріктіре алатын күшке ие. Елбасы мақалада осы ұстанымды айқын көрсетіп берді. Әр халық ел болып ғұмыр кешуі үшін жастардың санасына ұлттық құндылықтарын сіңіріп, рухани болмысымен өмір сүруге баулиды.
Жұртшылыққа жол тартқан мақаласында: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», – деп Елбасы қоғамдық, әлеуметтік үдеріске қазақы салт-санамен бейімделу қажеттілігін баса айтқан.
Егер халықтың дәстүрі болмаса қалай дамып, қалай өрістейді? Өткеннің тәлімді тәжірибесін алмай, алға қадам басуға бола ма? Кез келген халық шариғатқа қайшы келмейтін дәстүрімен жаңаны жалғап барып қадам жасауы – оның өмір сүруінің алғашқы белесі. Осындай рухани тұтастық жоқ жерде ұлттық дүниетанымдық үзік пайда болады. Ұрпақ сабақтастығы деген – халық болып ұйысып өмір сүру мүмкіндігі, жекешілдік емес, ұжымдық, елдік үрдіс болғандықтан ұлттық құндылықтарымызды дінімізбен сабақтастыра жаңғыртудың маңызы өте зор.
Сафура ТЛЕКЕШЕВА,
Е.Есжанов атындағы
№9 ОМ қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Жітіқара қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.