Дәстүрлі қолөнерді дәріптеуде

Выпуск - №20(517)   :   20.05.2022
586

Қостанай қаласындағы «Западный» кітапхана-филиалы «Халық мәдениетінің көркемдігі» жобасы аясында Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі студентерінің қатысуымен қолөнер шебері Райхан Рахалиевамен шеберлік сабағын өткізді.

Өнерді жұтамас байлық пен таусылмас азыққа теңеген қазақ халқы қолөнерге ерекше мән берген. Сондықтан да оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, мирас етіп отырған. Қазақтың қолөнері – өзіндік құрылымы ерекше, көркемдік мән-мағынасы бөлек, ғасырлар тағылымынан өткен асыл мұра. Өнердің ішінде дәстүрлі қолөнердің түрлері де аз емес. Тіпті, қазіргі заманның талабына сай бұл сала жаңғырып-жетіліп келеді десе де болады. Алайда қазақтың дәстүрлі өнерінің ішінде түрлі ою-өрнектермен әсемделген бұйымдардың ұлттық кодымызды насихаттау бағытындағы үлесін тасада қалдыру мүмкін емес.

Қостанайлық қолөнер шебері 35 жылдан бері ұлттық киімдер, қоржын, шабадан жасаумен, қолданбалы өнермен айналысып кееді. Шеберлік сабақ барысында Райхан апа ұлттық нақыштағы бұйымдарды жасаудың сырымен бөлісіп, студент жастарға өз қолымен жасаған әсем дүниелерді көрсетіп, оларды тігу жолдарына қатысты шеберлігін көрсетті. Студент жастар тігінші апайдың қолынан шыққан дүниелерді тамашалап, өздерін қызықтыратын бұйымдардың жасалу жолдары жайлы сұрап, алған құнды деректеріне ризашылықтарын білдірді.

Рахила Тоқтарбайқызы жастарға: «Ең бастысы – өз ісіңе деген сүйіспеншілік. Жұмыс кезіндегі жақсы көңіл-күйдің де маңызы зор. Сол кезде әр бастаған іс жемісті болары хақ. Таңдаған мамандықтарыңды үлгі тұтыңдар», – деп ақыл-кеңесін берді. Қолөнер шебері өзінің білім алған ордасына өз қолынан жасалған суретті кескіндемесін естелікке табыс етті. Тағылымды шара соңында колледж, кітапхана ұжымы, студенттер қауымы Рахила Тоқтарбайқызына алғыс білдірді.


Айнагүл УТЕБАЕВА,
«Западный» кітапхана-
филиалының меңгерушісі,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.