Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Домбыра кабинеті ашылды

Выпуск - №44(440)   :   10.11.2020
1629

Амангелді ауданындағы А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп түлектерінің демеушілігімен домбыра кабинеті ашылды.

Аталмыш кабинет төл өнерді ұлықтау, ұлттық мұраларды насихаттау, өнерлі шәкірттер шоғырын қалыптастыру мақсатында ашылып отыр. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ганиев Сүндет Жолдыбекұлы, мекеме, кәсіпорын басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары С.Ганиевке алғашқы құттықтау сөз беріліп, сөз арасында ол қасиетті қара домбыраның халықтың ұлттық құндылығы екенін айта келе, қазақ халқының өзіндік ерекшелігі мен мәдениетінің, өнерінің насихатталғаны баршаға маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ домбыра кабинетінің ашылуына ат салысқан ел перзенттеріне алғысын білдірді.



Елбасының шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланған тұста аталған білім ошағында «Үкілі домбыра» жас домбырашылар үйірмесі өз жұмысын бастаған-тын. Үйірмеге тартылған 30 оқушы аудандық деңгейде өткен 1000 домбырашы флешмобына қатысып, ұлттық өнердің насихатталуы жолына үлесін қосқан еді. Мектеп базасынан ашылып отырған домбыра кабинеті үйірме өнерпаздарының, ұстаздар қауымы мен ата-аналарға үлкен қуаныш сыйлады.

Қос ішекті қара домбыраның үнінде дархан даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Ұлттық өнерді насихаттауға үлес ретінде ашылған кабинет қазақ күйшілері, жерлес композиторлар туралы стендтермен жабдықталған. Мектеп түлектері тарту еткен домбыралар мен көнеден келе жатқан ұлттық аспаптар кабинеттің мәнін ашып, сән-салтанатын келтіріп тұр. Домбыра кабинеті алдағы уақытта осынау ұлт болмысын сақтап, рухани құндылықтарымыздың арқауы үзілмеуіне дәнекер болар өнерлі дарабоздар дайындауда жұмысын жалғастырмақ.

Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер шығармашылық
орталығының көркемдік жетекшісі,
Амангелді ауданы

 

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.