Осындай тақырыпта А.Иманов атындағы мемориалдық музейде Кейкі батырдың туғанына 150 жыл толуы мен Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Ер Кейкі – елдің есінде» атты байқау қорытындысы жарияланды
«Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Руханият» үйірмесі және музей қызметкерлері өткізген бұл шарада мектеп оқушылары эссе, поэзия, сурет пен мүсін, қолөнер, бейнебаян бағыттарында бақ сынады. Батыр бабамыздың есімі мен ерлігін ұрпаққа үлгі етіп, талантты оқушылардың талабын ұштап, қолдауды мақсат еткен бұл байқауға үйірме мүшелері ғана емес, бірнеше мектептен тілек білдірген оқушылар қатысты.
Қырыққа жуық оқушы жұмысын ұсынған байқау қорытындысы бойынша Айбек Сейілбеков, Жансая Дүйсенбаева, Төлеу Кенжеғалиева, Қуанышгүл Әбілқасым, Аружан Қарашова, Марал Қабдрашова 1-орынға лайық деп танылды. Жүлделі 2-орынға Досхан Кенжалин, Нұрсая Карбоз, Маржан Ануарова, Раушан Айтмағамбетова, Көркем Тұрсынова ие болды. Сол сияқты Қарақат Әбдіғалым, Ерғұлан Борашов, Лунара Мейрамхан, Айдана Таңатова 3-орынның иегерлері атанды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, қатысушыларға Білім бөлімінің дипломдары мен Алғыс хаттары және Құлан Кейкі батырдың ұрпағы, танымал кәсіпкер Таңатар Ахметовтың демеушілігімен ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.
Әнет ЖҰМАБЕК,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.