Ердің атын ел шығарады

Выпуск - №22(670)   :   13.06.2025
404

1

Н.Островский атындағы орталық қалалық кітапханада тарих ғ.д., Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Аманжол Күзембайұлының 80 жылдығына арналған «Ердің атын ел шығарады» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

2

3

Қостанайда елге белгілі зиялы – қауым өкілдері аз емес. Солардың бірі көрнекті ғалым, тарих ғ.д., профессор бүгінгі әңгімемізге арқау болып отырған Аманжол Күзембайұлын тек Қостанай ғана емес, бүкіл еліміз біледі десек қателеспейміз. Ол тек ғылым жолын қуған азамат қана емес, сөзге шешен, ұлтымыздың арғы-бергі тарихын жетік білетін тұлға. Тарих ғылымының докторы, профессор секілді бірнеше атақтары да бар. Өнегелі отбасының тірегі. Немерелері мен шөберелерінің ардақты атасы. Жастардың тәлімгері.
Жақында Аманжол ағамыз сексеннің сеңгіріне шығып отыр. Соған орай ұйымдастырылған тағылымды іс-шарамызға ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Серікбай Оспанов, қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Шаяхмет Ақылбек Қожаұлын арнайы шақырған болатынбыз. Олар өз кезегінде кеш иесіне ізгі тілектерін білдіріп, құттықтауларын жеткізді. Ал студенттер мен кітапхананың тұрақты оқырмандары сұрақтар қойып, барынша ашық, шынайы жауаптарын алды.
Тарих қойнауынан біраз сырлар шертіліп, өткен мен бүгінге көз жүгірттік, бірқатар ой түйдік. Тұрақты оқырманымыз Розалина Каканова Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап, кештің сәнін келтірді. Жалпы осындай іс-шаралар жастарға ерекше әсер береді деп ойлаймын, себебі ел ағаларымен жүзбе-жүз кездесу, өзінің ойындағы сұрағына лезде жауап алу – бір жерден оқығанмен салыстыруға келмейтін екі бөлек дүние сияқты. Осындай еліміздің тарихына өлшеусіз үлес қосып жүрген ағамызға қаламыңыз талмасын, алар биіктеріңіз зор болсын дегіміз келеді.

Қанипа ТАСБУЛАТОВА,
Шынар МАКАНОВА,
Гауһар ИЛЬЯСОВА,
Н.Островский атындағы ОҚК кітапханашылары,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.