Елінің ертеңіне елеңдеген

Выпуск - №36 (483)   :   20.09.2021
355

Рудный қаласының №19 жалпы білім беретін мектебінде «Ұлттың тілі, дәстүрі, мәдениеті – сол ұлттың жаны, жан дүниесі» тақырыбында жастар мен қазыналы қарияларымыз арасында кездесу ұйымдастырды.

Ұрпақ тәрбиесін қандай кезеңде де көзден таса, көңілден тыс қалдыруға болмайды. Жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу үшін біздің рухани байлығымыз – тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміз, тарихымыз, одан басқа да құндылықтарымыз жетерлік. Бүгінгі бала – ертеңгі аға, қалыптаса келе – дара тұлға. Бұл туралы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын?!», – деп өсиет айтқан еді. Осы орайда біздің басты міндетіміз – аға буын мен жасөспірімдердің арасында ұрпақтар сабақтастығын, Қазақстан халқының мәдениетін, ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтауға және дамытуға, дәстүрді жаңғырту және дамыту мәселелеріне, ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтауға, сондай-ақ жастарды өз халқының мәдениетіне, халық шығармашылығына жанашыр болуға тәрбиелеу.

Кездесудің басты қонағы ретінде тіл жанашыры, қалалық ардагерлер кеңесі президиумының төрағасы, қалалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, қалалық ономастикалық комиссияның мүшесі, ардагерлер кеңесінің жастармен жұмыс жөніндегі комиссияның төрағасы Кәкенов Жақсылық Кәкенұлы және «Жадыра» ән ансамблі шақырылды. Тағылымға толы шара барысында Жақсылық Кәкенұлы қазақ халқының тілі, салт-дәстүрі және мәдениеті туралы өзінің өнегелі әңгімелерін айтып, жастарды ұлтжанды болуға шақырды.

Халқымыздың ұлттық құндылықтарын қастерлеп, ата-бабамыз қалдырған аманатты мөлдір, шынайы, таза қалпында ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді өзіне мақсат тұтқан заманымыздың заңғар тұлғасы Жақсылық Кәкенұлының өнегелі, ғибраты мол әңгімелерін жастар да сүйсініп тыңдап, көкейлерінде жүрген сан сауалдарына жауап алды. Кездесуге арнайы шақырылған «Жадыра» ән ансамблі де халық әндерін орындап, жастардың зор ықыласына бөленді. Іс-шара соңында мектебіміздің 7 «В» сынып оқушысы Нұрғиса Жарылқасынов «Адай» күйін орындап, домбыраның қасиетті үнімен жиналған қауымды тамсандырды.

Кездесу соңында мектебіміздің директоры Смагулова Гулжазира Гинятовна кеш қонағын Алғыс хатпен марапаттады. Елінің ертеңі үшін елеңдеп, халқының болашағы үшін қызмет етіп жүрген, сегіз қырлы бір сырлы ел ағасы Жақсылық Кәкенұлына қандай құрмет көрсетсек те, артық етпейді.


Гүлзира САЙФУДДИНОВА,
№19 ЖББМ қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.

Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!