Қазақстан халқының бірлігі күні мен Арқалық қаласының 65 жылдығына орай «Арқалық – достық қаласы» атты этно-мәдени фестиваль өтті. Онда «Жас Ұлан» шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері өнер көрсетті.

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының жастары фестиваль барысында өзбек әуендері, сыған билері, молдаван халқының кеңпейілділігі, қазақ халқының қолөнері, украин халқының қонақжайлылығы және басқа да шығармашылық қырларын көрсетті. Шарада орталық тәрбиеленушілері арасынан 5 мәдени бірлестік өздерінің шығармашылық бағдарламасын ұсынды. Олар ұлттық орталықтарға біріктіріліп, түрлі этностардың тарихы мен дәстүрлерін, олардың ұлттық киімдерін көрсетті, ұлттық тағамдарымен таныстырды.
Тәрбиеленушілер фестивальге құлшына қатысып, оның әсемдігі мен ерекшелігін бағалады. Кішкентай балалардың жүзіндегі қуанышты көріп, ересектер де шаттыққа кенелді. «Арқалық – достық қаласы» ұранымен өткен фестиваль біздің шын мәнінде бірлік пен татулықты ту еткен мекен екенімізді айғақтады десек артық емес. Сонымен қатар тарихымыз бен түп-тамырымызды да ұмытпақ емеспіз. Қазірдің өзінде сенің кім екеніңдібіреу сұрай қалса, артық сөзсіз: «Мен Қазақстандықпын!», – деп жауап берсек жеткілікті. Бұл дүниедегі байлықтың ең үлкені – халықтың достығы.
Аталмыш фестиваль – түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен татулықтың, олардың салт-дәстүрлерін қастерлеудің үлгісі. Халық достығы фестивалінде этно-мәдени бірлестіктердің талантты өкілдері өздерінің шығармашылығын және жағымды эмоцияларын көрсетіп, көңілді атмосфера сыйлады. Ең бастысы, еліміздің амандығы мен жұртымыздың тыныштығын, халықтың ауызбіршілігін тілек етіп, бір-біріне ізгі ниеттерін білдірді.
Жансая ЕСІМХАНОВА,
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер
шығармашылық орталығының
«Bloggers» отауы жетекшісі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.