Ғасырға жуық ғибрат ғұмыр

Выпуск - №18(666)   :   16.05.2025
537

2

«Рудныйдың ОКЖ» ММ Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында «Әдеби қолтаңба» жобасы аясында Ғабдоллақажы Ахметжановтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Жырмен нұрланған ғұмыр» атты кездесу кеші өтті.

Мерейтой иесі – Ардагерлер кеңесінің және «Кездесу» клубының мүшесі, жергілікті ақын, өмірі ұстаздықпен өрілген жан. Өскелең ұрпаққа ақынның шығармашылығын насихаттап, жыр арқылы рухани байлықты дәріптеуді мақсат еткен бұл кешке Мемлекеттік тілдегі кітапхана жанынан құрылған «Кездесу» клубының мүшелері, Рудный қаласының мектеп оқушылары мен студенттері, ұстаздар қауымы қатысты. Кештің ашылу сөзін Рудный ОКЖ директорының орынбасары Ольга Осипова мен Рудный қаласының құрметті азаматы, журналист Арман Хасенов сөйледі. Бір ғасыр – бұл жай ғана уақыт өлшемі емес, тұтас тарих. Сондай ғұмыр кешкен Ғабдоллақажы ата – өзі бір шежіре, өзі бір ғибратты ғұмыр.
Кеш барысында Рудный қаласының құрметті азаматы Қасымқайыр Дүйсенбаев, «Кездесу» клубының мүшелері мен қаламы қарымды қаламгерлер – Жаңбыршы Тілеуқабылов, Жақсылық Какенов сынды ағаларымыз өздерінің ыстық тілектерін білдіріп, Сүндет Молдашев пен Мүслимә Баймурзенова жазған жыр шумақтарын оқыды. Сонымен қоса «Жадыра» вокалдық ансамблі Ғабдоллақажы Ахметжановтың сөзіне жазылған «Обаған вальсі» әнін орындады. Ернұр Кожакулов «Өлшеулі өмір» термесін айтып, «Алтын домбыра» студиясының өнерпаздары «Балбырауын», «Ерке сылқым» күйлерін күмбірлетіп орындады, Нинагүл Пушаева «Қос менің бәйтерегім» әнін шырқады.
Әрқайсысы сөз сөйлеп, атамызға жүрекжарды лебіздерін білдіріп, сый-сияпаттарын тарту етті. Ұстаз-ақынның мағыналы жырларынан өмірлік тағылым алып, рухани нәрге қанықты. Жас ұрпақ үшін бұл кеш – шабыттың бастауы болса, үлкендер үшін – өткенді бағалап, болашақты ой елегінен өткізудің сәті болды. Поэзия – адамның ішкі жан сырын ақтарған, көңілдің күйін, жүректің үмітін өлеңмен өрнектейтін ғажайып әлем ғой. Осы кеште Б.Майлин және А.Байтұрсынов атындағы мектептердің оқушылары Ғабдолла атамыздың жырмен нұрланған өлеңдерін оқыды.
Атамыздың ғұмыры – бір шаңырақтың ғана емес, барша ұрпақтың шамшырағы. Ол жүріп өткен жол – сабыр мен төзімнің, еңбек пен парасаттың жолы. Біз осындай ардақты жанмен бір дәуірде өмір сүріп, оның ақ батасы мен даналық сөздерін тыңдап өскенімізге шексіз ризамыз. Бұл кеште әрбір жан жүрек түкпірінен бір жаңалық тауып, рухани биікке ұмтылды деп ойлаймын.

Марзия АХМЕТОВА,
«Рудныйдың ОКЖ» ММ Орталық балалар
кітапханасының кітапханашысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.