Ғасырлармен үндескен хәкім тағылымы

Выпуск - №28-29(724-725)   :   14.08.2026
597

1

Тамыздың 10-ы күні атап өтілетін Абай күніне орай «Дорожный» кітапхана-филиалында ҚР Ішкі істер министрлігінің «№76 мекеме» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін «Абай мұрасы – мәңгілік мұра» әдеби портрет іс-шарасы өткізілді.

Адамзаттың ақыл-ой қазынасына өшпес із қалдырған хәкім Абайдың тағылымын ұлықтауды мақсат еткен бұл іс-шара рухани тереңдігімен ерекшеленді. Кеш барысында кітапхана мамандары қатысушыларды ұлы ағартушы, композитор, қоғам қайраткері әрі классик ақынның ғибратқа толы өмір жолымен және қыр-сыры мол шығармашылық әлемімен таныстырды. Әсіресе, ақынның ішкі толғаныстары мен философиялық көзқарастарын ашатын «Ойға түстім, толғандым» бейнебаяны оқырмандарға ерекше әсер сыйлады.
Рухани басқосуда ақын Абай Құнанбайұлының даналыққа толы өлеңдері мен адамгершілікке баулитын қара сөздері оқылып, санаға сәуле шашатын нақылдары кеңінен насихатталды. Сондай-ақ кеш меймандары сырлы саз бен терең мағынаға толы «Көзімнің қарасы» және «Желсіз түнде жарық ай» сияқты Абайдың асыл әндерін тыңдап, рухани сусындады.
Тағылымға толы іс-шара соңында әртүрлі жылдары жарық көрген Абай шығармаларының жинақтары мен ол туралы жазылған зерттеу еңбектері қойылған «Абай әлемі» тақырыптық кітап сөресіне шолу жасалды. Тарихи сабақтастық пен ұлттық құндылықтарды ұлықтаған әдеби кеш қатысушылардың хәкім Абай мұрасына деген құрметін арттыра түскені сөзсіз.

Эльмира МИРЗАЛИЕВА,
«Дорожный» кітапхана-
филиалының кітапханашысы,
Қостанай қаласы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Ғасырға қадам басқан білім ордасы

Неделю назад в 15:09

Бүгінгі мектеп

Жасыл болашаққа тамыр тартқан жоба

Неделю назад в 15:07

Бүгінгі мектеп

Актуально

Реклама

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.

Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.