Гауһар жырдың дүлдүлі

Выпуск - №11-12(508-509)   :   18.03.2022
415

Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның қабырғасында ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз «Ғасыр ақыны» атанған, сырлы сезімдердің иесі Мұқағали Мақатаевқа арналған «Аққудың қанатына жазылған жыр» тақырыбында поэзиялық кеш өткізілді.

Кештің ХХ ғасырдың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау. Ақын поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, түсіндіру, сезіндіру мақсатын көздеді. Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев – қазақ поэзия əлеміне шетсіз-шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік əкелген ақын. Құдіретті қарапайымдылықпен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақын. Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын. Кеш барысында көркем сөз шеберлері поэзия патшалығындағы пайымдауы өзгеден бөлек ақынның жебелі жырын жүректерге үнмен, соны серпінмен жеткізе білді.

Ақиық ақынның туған күніне орай Instagram-дағы гимназияның парақшасында «Мұқағали оқулары» байқауы ұйымдастырылған болатын. Аталмыш байқауда 10 жастан бастап 18 жасқа дейнгі оқушылар бақ сынасты. Жеңімпаздар екі санат бойынша анықталды. Байқау қорытындысы бойынша 10-13 жас аралығында Мадина Ертай 2-орынды, Жанбота Шашубай 1-орынды иеленді. 14-18 жас аралығы бойынша Айжан Мырзаболатова мен Нұрай Балташ 3-орынды, Айдана Тлектес 2-орынды, Перизат Руслан 1-орынды, Бақыт Қуаныш байқаудың Бас жүлдесін қанжығасына байлады. Ақынға арналған кеш барысында байқаудың жеңімпаздары диплом, медаль және ақшалай сыйлықтарға ие болды.

«Поэзия, менімен егіз бе едің», – деп ақын өзі жырлағандай, М.Мақатаев өлең жазып қана қоймай, өз өлеңдерін шебер оқи алған ақын. Оқушылар кеш барысында ақынның өз даусын тыңдап, құлақ құрыштарын қандырды. Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары оқырмандарды тәнті етті. Соның ішінде «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы оқыған жанның жүрегін тербетіп, ерекше күйге бөлейді. Ақынның бұл поэмасында аққулардың сұлу да пәк, киелі құс екенін айқын суреттеп, егерде қоныстанған жерінен жәбір көрсе қайта оралмайтындығын басты назарда ұстап, шебер кескіндеп жырлай білген. Оқушылар осы поэмадан шағын көрініс көрсетіп, көрермендердің көздеріне жас ұялатты.

Бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын поэзияда ғана емес өмірде де, күресте де, үлкен азаматтықпен қорғай білген М.Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емеc және оны жаттап өту біздің парызымыз. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан-жылға жалғаса бермек.


Анар ГИССИНОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
гимназияның «Жас тілші»
үйірмесінің жетекшісі

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.