Игі істермен көмкерілген әз Наурыз

Выпуск - №11 (458)   :   18.03.2021
373

«Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні», «көктемгі күн мен түннің теңелетін күні» деген айрықша әспеттеулерді есіткенде Наурыз мейрамын еріксіз еске аласың. Биыл әз Наурызды атап өту форматы елдегі ахуалға қарай икемделген.


«Жетіген» үйірмесінің жетекшісі Әсем Искакова шәкірттерімен

Дегенмен форматының «онлайнға» көшкенінен бөлек Үкімет бекіткен тұжырымдамаға сәйкес қазақстандықтар мерекені тойлаудың 10 күнге дейін ұзартылғанынан құлағдар болып, республика көлемінде бірқатар шараларды жүзеге асырып жатқан жайы бар. Еліміздегі достық пен бейбітшілікті нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатын көздейтін Наурыз мейрамының мазмұнын байытып, арнайы тұжырымдама жасауды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік – ең қымбат нәрсе» атты мақаласында тапсырған болатын.

Бекітілген тұжырымдамаға сәйкес наурыз айының 14-23 аралығында әрбір күннің өзіндік мақсат-міндеті бар. Атап өтер болсақ, «Көрісу күні», «Жайлау күні», «Шежіре күні», «Тарихқа тағзым күні», «Игі істер күні», «Шымырлық пен шеберлік күні», «Зияткерлік күні», «Ұлттық тағамдар күні», «Ұлыстың ұлы күні» және «Жоралғы күні». Әр сәтіне мағына сыйдырған көшпелі халықтың көнеден жеткен төл мерекесінің тұтас ұлттың ұстынын айқындаудағы мәні де, маңызы да зор.
Облыс орталығындағы «Мирас» мәдениет үйінің ұжымы бекітілген тұжырымдамаға сәйкес арнайы жоспар құрып, instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы (@culture_miras) арқылы халыққа көтеріңкі көңіл-күй, әуезді ән, тағылымды әңгіме мен ұлағат беруде. Он күн бойы әр күннің мақсаты мен міндетіне қарай ігі істер мен концерттік бағдарламалар астасып жатыр.



Амал мерекесі немесе «Көрісу күні» мәдениет қызметкерлері қаланың мәдени өміріне белсене қатысқан тұлғалардың шақыртуымен шаңырағына арнайы барып, астан дәм татып, батасын алып қайтты. «Жайлау күні» ықылым заманда Наурыз мейрамында қыз-жігіттердің бос уақыттарын қалай өткізгендері жайлы көрініс қойылса, «Шежіре күні» «Ақ Дариға» хорының солисі ақсақал Мақсат Арыстанбаевпен сұхбат жүргізіліп, соңында ағамыз қолын жайып, ақ батасын берді. «Тарихқа тағзым күні» Островский кітапханасы қызметкерінің ұйымдастырумен Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай тарихи деректермен қаныққан бейнеролик көрсетілсе, «Игі істер күнінде» мәдениет үйінің қызметкерлері «Жанұя» балалар үйінде берген қайырымдылық концертін көрерменге ұсынбақ.

«Шымырлық пен шеберлік күні» атының өзі айтып тұрғандай, қазақтың ұлттық ойындары «қазақша күрес», «асық ату», «қол күрес», «тоғызқұмалақ» бойынша жарыс ұйымдастырылмақ. «Зияткерлік күні» балалар арасында зияткерлік викторина ұйымдастырылса, «Ұлттық тағамдар күні» ұлттық тағамдардың дайындалуына қарай сайыс өткізіледі. Ал науыздың 22-сі – «Бұқара күнінде» «Мирас» мәдениет үйінің ұжымдары мен солистерінің қатысуымен мерекелік онлайн-концерт жұртшылыққа жол тарпақ. Ұйымдастырушы тараптың айтуынша «Жоралғы күні» ерекше сайыс көрсетіледі. Онда жас жігіттердің қымыз ішу бойынша жарысын тамашалай аласыздар. Ұжымның ерен еңбегін жасалып жатқан жұмыстарынан аңғару қиын емес.



Білім ордаларына келер болсақ, наурыздың 15-і күні бірқатар мектептерде «Армысың, Наурыз!» және «Бауырсақ пати» атты мерекелік іс-шаралар өтті. Аталған іс-шараларда мектеп оқушылары өз біліктерін көрсете білді. Қалалық білім басқармасы ұсынған деректерге сүйенсек, мереке күндері 1-11 сынып оқушылары үшін қаланың білім беру ұйымдарында мазмұнды және қызықты сынып сағаттары, «Қазақ халқының ұлттық киімдері», «Ата салтын ардақтайық», «Бауырсақ party», «Dastur» челлендждері өтеді. Ал «Карнавал» хореографиялық мектебі барлық қостанайлықтарды әлемнің түрлі елдерінен келген 35 үздік би ұжымы өз өнерлерін көрсететін «Наурыз достарын шақырады» хореографиялық өнердің II Халықаралық онлайн фестиваліне шақырады.

Әз Наурыздың тарихы тереңде. Бес мың жылдан бері Ұлы дала төсінде ізгіліктің шұғыласын шашып, табиғатпен үндесе мерекеленіп келе жатқан Ұлыстың ұлы күнінің тарихы қандай бай болса, маңызы мен мазмұны да сондай теңдессіз. Береке мен бауырмалдықтың, ынтымақ пен ауызбіршіліктің мейрамы құтты болсын дейміз.


Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген
Иван МАРМАЛЕДИ

 

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4