Қалалық дәстүрлі домбыра байқауы

Выпуск - №14 (562)   :   14.04.2023
837

Қостанай қаласы білім бөлімінің балалар шығармашылығы мектебі Қостанай қаласының оқушылары арасында домбыра музыкасының жас орындаушыларының жыл сайынғы «ALTYN DOMBYRA» қалалық байқауы өтті.

Байқауда 7 жастан 17 жасқа дейінгі қала мектептерінің жас музыканттары мен аспапшылары бас қосты. «ALTYN DOMBYRA» байқауы «Соло» және «Ансамбль» номинациялары бойынша өтті. Қатысушылар домбыра шеберлігін «Кіші топ», «Орта топ» және «Ересек топ» жас санаттары бойынша көрсетті. «Домбыра – дастан, домбыра – күй» демекші, байқауға қатысқан әр қатысушы, әр ансамбль барынша өз өнерлерін көрсетуге тырысты. Орындаған күйлерін жүректен өткізіп, сол күйдің сырын, мазмұнын әділ қазылар алқасы мен көрермендерге жеткізуге тырысты.

Әрине, байқау болған соң жеңімпаздар да анықталды. Алғашқы «Соло» номинациясының 7-9 жас санаты бойынша №24 мектеп-гимназиясының оқушысы Санжар Марат Гран-при иегері атанды. Ал І орынға Ә.Бөкейханов атындағы ЖББ мектебінің оқушысы Арсен Абдулкаримов, ІІ орынға Ғ.Қайырбеков атындағы №9 ЖББ мектебінің оқушысы Айдана Капашова және Дружба ЖББ мектебінің оқушысы Жансерік Батыржан, ІІІ орынға №20 ЖББ мектебінің оқушысы Саят Нұрымбет және №19 ЖББ мектебінің оқушысы Рамазан Бергенов ие болды.

«Соло» номинациясының 10-13 жас санаты бойынша №17 ЖББ мектебінің оқушысы Амирхан Амиржан Гран-при иегері атанды. Ал І орынды С.Мәуленов атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Дархан Канапин, ІІ орынды №5 А мектеп-гиназиясының оқушысы Наргиза Серік, №21 ЖББ мектебінің оқушысы Сабина Сералина және №15 ЖББ мектебінің оқушысы Темірлан Қойшан, ІІІ орынды №16 ЖББ мектебінің оқушысы Ризат Мендыбаев, №7 ЖББ мектебінің оқушысы Танаберген Төкен, №5 А мектеп-гимазиясының оқушысы Аружан Ерназар және Жамбыл ЖББ мектебінің оқушысы Елжас Қуандық иеленді.

«Соло» номинациясының 14-17 жас санаты бойынша №20 ЖББ мектебінің оқушысы Санжар Сапаров Гран-при иегері атанды. Ал І орынға Ә.Бөкейханов атындағы ЖББ мектебінің оқушысы Дильназ Утарбаева, ІІ орынға Ғ.Қайырбеков атындағы №9 ЖББ мектебінің оқушысы Санжар Құрмағали, ІІІ орынға №28 мектеп-гиназиясының оқушысы Аружан Нұрмұхамбет ие болды.

Келесі «Ансамбль» номинациясының кіші топ категориясынан Гран-приге №24 мектеп-гимназиясының «Балдаурен» ансамблі лайық деп танылды. Сондай-ақ І орын №10 ЖББ мектебінің «Шабыт» ансамбліне, ІІ орын №15 ЖББ мектебінің ансамбліне, ал ІІІ орын №20 ЖББ мектебінің «Мәриям шамшырақтары» ансамбліне берілді. «Ансамбль» номинациясының ортаңғы топ категориясында І орынды №20 ЖББ мектебінің «Мәриям шамшырақтары» ансамблі, ІІ орынды №10 ЖББ мектебінің «Домбыра Дастан» ансамблі, ал ІІІ орынды №18 мектеп-гимназияның «Еркемай» ансамблі иеленді.

«Ансамбль» номинациясының ересек топ категориясында І орынға №10 ЖББ мектебінің «Жас Толқын» ансамблі, ІІ орынға №15 ЖББ мектебінің ансамблі, ал ІІІ орынға №20 ЖББ мектебінің «Мәриям шамшырақтары» ансамблі ие болды. Барлық қатысушылар аспапта ойнау шеберлігімен ғана емес, қазақи нақыштағы киімдерімен де көзге түсті. Кейбір қатысушылар өздерінің өнер көрсетуі барысында атрибуттарды қолданып, көрерменді тәнті етті. Ерекше бір рухани тәрбиелік мәнге бай сайысымыз жыл сайын көркейе берсін дейміз.


Самал БЕРДИХОДЖАЕВА,
Балалар шығармашылығы
мектебінің педагог-
ұйымдастырушысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!