Рудный орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Мемлекеттік тілдегі кітапханасында «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» Халықаралық қарттар күніне орай қаламгерлермен сырласуға бағытталған әдеби-танымдық кеш өткізілді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ақындарымыздың өмірі мен шығармаларын өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ақындарымызбен кездесу кештері өткізіліп тұрады. Бүгінгі іс-шарада Шүкірбай Ақназаров, Сүндет Молдашев аталарымыз өздерінің шығарған кітаптарымен шығармалары жайлы айтып, Муслима Байғужина апамыз шығарған өлеңдерін оқыды. Кітап көрмесіне қойылған қаламгерлеріміздің кітаптарына тоқталып, кітапханашы Нұрсәуле Төлегенова шолу жасады. Сондай-ақ №15 мектептің 8 «Б» сынып оқушылары ақындарымыздың өлеңдерін оқыды. Шүкірбай Ақназаров «Өзім туралы», Парахат Тошанов «Атадан қалған нақыл сөз», Қасымқайыр Дүйсенбаев «Ассалаумағалейкум, Қариялар!», Ғабдолла Ахметжанов «Егемендік» атты өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып, жақсы әсер қалдырды.
«Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» демекші, осындай мерекелік күнде кітапхана меңгерушісі Гүлбараш Уалиева ақсақалды қарттарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізді құттықтады. Кешке келген қонақтарымыз облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жақсылық Какенов, «Кездесу» клубының мүшесі Қыдырбек Утебаев, «Жадыра» вокалдық ансамблінің мүшесі Бақдина Бирмағанбетова келген қонақтарымызға жылы лебіздерін білдіріп, ән шашуларын арнады. Құрманғазының «Аман бол, шешем, аман бол!» күйін Рудный қалалық музыкалық колледжінің студенті Мерей Хасенов, «Менің әкем ең жақсы адам» әнін Қаражан Мыңжасаров орындады.
Қариялар отырған жерде әрқашан бата жүреді. Іс-шара соңында ақын Шүкірбай атамыз қонақтарымызға, оқушыларға бата берді. Іс-шара соңында кітапхана ұжымының атынан шағын сый-сияпат таратылып, естелік суретке түсті. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол. Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз ғұмырлы болсын.
Гүлбараш УАЛИЕВА,
Мемлекеттік тілдегі
кітапхана меңгерушісі,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.