Рудный қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің мемлекеттік тілдегі кітапхананың ұйымдастыруымен «Әдеби қолтаңба» өлкетану жобасы аясында рухани-танымдық «Өмірі өнегелі қаламгер» атты шығармашылық кеш өтті.
Кеш туған жеріміздің мақтанышы, Ауыл шаруашылық министрлігінің «Құрметті ардагер» төсбелгісінің иегері, Рудный қаласының Құрмет тақтасына енген тұлға, қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ақын әрі қара сөз шебері Жаңбыршы Тұқатұлы Тілеуғабыловтың өмірі мен шығармашылығына арналды. Іс-шараға қаламыздың зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жергілікті қаламгерлер, облыс орталығынан келген қонақтар, сонымен қатар мәдениет және білім саласының қызметкерлері, мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты.
Кеш барысында жас буын өкілдері ақынның жүрек тебірентер жырларын нақышына келтіре оқып, шығармашылығына деген құрметтерін көрсетті. Жергілікті өнерпаздар мен домбырашылар күмбірлі күй тартып, ақынның досы – ақын әрі сазгер Қайырғали Әлекеұлы Әбішов «Дәурен-ай» күйін сахна төрінде орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Жиынның әсерлі сәттерінің бірі – ақынның сөзіне жазылған «Жан жарым» әнінің орындалуы. Бұл әсем туынды тыңдарманның жүрегінен ерекше орын алып, кештің мазмұнын одан сайын байыта түсті. Ал кеш қонақтары – өңірдің танымал тұлғалары мен шығармашылық иелері ақынға жүрекжарды лебіздерін білдіріп, өлеңдері мен арнау жырларын оқыды. Сөз алған әр қонақ Жаңбыршы Тұқатұлының қаламгерлік болмысын, елге сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.
Ақынға профессор, облыстық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Жақып Қалқаман Хасенұлы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі А.Ахметжановтың, сонымен қоса «Рудный ОКЖ» директоры Лариса Анатольевна Александренконың «Алғыс хаттарын» және арнайы келген жұртшылықтың шағын сый-сияпаттарын табыстады. Әсерлі шығармашылық кеш – қалам мен қоңыр домбыра үндескен, жыр мен күй тоғысқан рухани мерекеге айналды. Кешке қатысушылар қуат алып, қаламгердің өнегелі өмірінен тағылым түйіп тарқасты.
Гулбараш УАЛИЕВА,
Мемлекеттік тілдегі кітапхана меңгерушісі,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.