Қазақ боксының тарихындағы төрт Омаров

Выпуск - №41(689)   :   07.11.2025
265

Қазақ спортының тарихына үңілсек, әрбір дәуірдің өз шамшырағы, өз жол бастаушылары бар. Ал қазақ боксының іргетасын қалаған, ел спортының еңсесін тіктеген тұлғалардың қатарында Омаровтар әулетінің есімі айырықша аталады.

Бір әулеттен шыққан төрт бірдей азамат – Махмұт, Мақсұт, Рашит және Ерік Омаровтар тек рингте ғана емес, одан тыс өмірде де ел спортының дамуына өлшеусіз үлес қосқан жандар. Жақында Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінің қабырғасында өткен «Қазақ боксының негізін қалаған ағайынды Омаровтар» атты тағылымды іс-шарада ардақты әулеттің өмірі мен ерлігі кеңінен дәріптелді. Оған ұстаз, қоғам қайраткері Оспанов Сұлтанғали Әлмағамбетұлы, облыстық спорт басқармасының өкілдері, спорт мектептерінің шәкірттері мен ұстаздары, сонымен қатар Қарабалық ауданындағы Мұхамеджан Сералин атындағы мектептің оқушылары мен ата-аналары қатысты.

1

Ағайынды Омаровтар – Қостанай облысының Жангелдин ауданына қарасты Шилі ауылынан шыққан текті әулеттің ұрпақтары. Арғынның Тұрлығұл руынан тараған бұл әулет атақты Шақшақ Жәнібек тарханның ағасы Тұрлығұлдың ұрпағы болып келеді. Әкелері Ілияс Омаров Торғайдан шыққан алғашқы банкир-экономист, ал анасы Мәдина Ташкенттегі Орта Азия университетінің шығыс тілдері факультетінің түлегі, бірнеше тілді жетік меңгерген қазақтың зиялы қыздарының бірі еді. Кенже ұлдары Ерік дүниеге келген тұста отбасы ауыр сынақ кезеңін бастан өткерді. Отағасы «халық жауы» деген жаламен ұсталып кеткенде, Мәдина апай жүкті болған. Сол шақта ана жүрегімен сезіп, «Арысым еркіндікке шығар ма екен» деп ырымдап, баласының есімін Ерік деп қойған екен.

2

3

Қазақстанда бокстың алғашқы мектебін сонау XX ғасырдың 30-жылдары Алматыда Шоқыр Бөлтекұлы ашқан еді. Сол тұста бокс өнеріне алғаш қадам басқан жастардың арасында Омаров бауырлар да болды. Олар Шоқыр ағадан тәлім алып, шеберліктерін шыңдады. Қиын кезеңге қарамастан, 1940-1950 жылдары қазақ жерінде енді ғана таныла бастаған былғары қолғап өнерін меңгеріп, кеңес рингінде талай қарсыласын тізе бүктірді. Төртеуі де бокстан Кеңес Одағының спорт шебері атанып, ел намысын қорғаған тұңғыштардан болды. Осы жайлы ағайындының немере інісі Сұлтанғали Оспанов былай дейді: «Шоқырбай деген атақты жаттықтырушы болды. Сол кісі жетім балаларды қанатының астына алып, спортқа баулыды. Міне, солардың арасында біздің ағамыз Мақсұт Омаров та болды. Ол Қазақстанға бокс бойынша ең бірінші медаль әкелген азамат», – дейді мақтанышпен.
Бүгінде ағайынды Омаровтардың есімі ел спорты тарихында алтын әріппен жазылған. Олар негізін қалаған сара жолмен жас боксшылар жүріп келеді. Бұл туралы Қостанай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спорт» бөлімінің бас маманы Азамат Жұмағұлов атап өтті: «Біздің өңірден шыққан әйгілі былғары қолғап шеберлері Александр Мирошниченко, Иван Дычко, Антон Пинчук сияқты спортшылар бүгінде әлемдік аренада ел атын асқақтатып жүр. Ал ағайынды Омаровтар – қазақ боксының бастауында тұрған дара азаматтар. Бүгінгі іс-шарада олардың өмір жолы, спорттағы еңбегі кеңінен айтылды. Мұндай тұлғаларды жастар білуі тиіс, себебі олар үлгі болатын ұлт ұлдары».

4

Іс-шарада «Дала қырандары» қоғамдық бірлестігінің шәкірттері арнайы бокс қимылдарын көрсетіп, жаттықтырушы Сәндібек Әділжан Әділханұлының жетекшілігімен көрерменге ерекше әсер сыйлады. Жас боксшы Шыңғыс Байдәулетов те толғанысын жасырмады: «Мен Омаровтар әулеті жайлы жақсы білемін десем, артық айтпаймын. Себебі жаттығу кезінде осы кісілердің есімі жиі айтылады. Бүгінгі жиын маған ерекше рух берді. Қазақ даласына боксты алғаш алып келген осындай ардақты ағаларымыздың ерлігі ұмытылмай, ұрпақ жадында мәңгі сақталуы тиіс», – дейді жас спортшы.
Ағайынды Омаровтардың тағдыры төзім мен тектіліктің, еңбек пен ерліктің үлгісі. Олар саясаттың аласапыранында, соғыстан кейінгі қиын кезеңде өсіп-жетілді, ешқашан мойымады. Өмір жолдары – ұлт намысының айнасы. Қазақ боксының төрінен ойып тұрып орын алған бұл төрт бауыр ел спортының тарихында рухтың, бауырмалдықтың, табандылықтың символы болып қалды. Олар салған сара жол жаңа буынға шабыт беріп, жеңіске деген жігерін қайрай түсуде. Омаровтардың есімі қазақ рингінің төріндегі мәңгілік жарық шамшырақ.

Аружан АНИСОВА,
Айгерім БАХИТБЕК,
А.Байтұрсынұлы атындағы
Қостанай өңірлік
университетінің
3-курс студенттері

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.