Қазақ елінің дара тұлғасы

Выпуск - №43(540)   :   08.11.2022
584

М.Хәкімжанова атындағы Щербаков жалпы білім беретін мектебінің 7 «А» сынып оқушылары арасында қазақ жазушысы, қаламгер, қоғам қайраткері М.Әуезовтың 125 жылдығына арналған портрет кеші өткізілді.

Іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Анар Кәкімбекова шақырылды. Ол М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы кейіпкерлер тұлғасын ашып, оқушылардың шығармаға деген қызығушылығын арттырды. Кеш барысында оқушылар жазушының өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты пікірлерін білдірді. Артынша қазақ жазушысының өмір жолына арналған бейнематериал мен презентация көрсетілді.

Мұхтар Омарханұлы – қазақ халқының ғалымы, қоғам қайраткері, ұрпағына мол мұра қалдырған тұлға. Филиология ғылымына, оқу-ағарту ісіне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Мұхтар Әуезов қазақ халқының ғана емес, әлемдік деңгейдегі жазушы, өз шығармашылығымен қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып, оның классигі атанды. Қанша жыл өтсе де, жазушының еңбегі мен шығармашылығы бүгінгі ұрпақ есінен өшпейтіні анық.

Портрет кешінде оқушылар «Көксерек» әңгімесі және «Еңлік-Кебек» пьесасының үзінділерін оқып, өнерлерін көрсетті. Кеш соңында қатысушыларға кішігірім сыйлықтар табыс етіліп, барлығы естелік суретке түсті.


Қаламқас ҒАЛЫМХАН,
М.Хәкімжанова атындағы
Щербаков ЖББМ
география пәнінің мұғалімі,
Алтынсарин ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.