Қазақ мектептерінің қара шаңырағы

Выпуск - №2(599)   :   18.01.2024
980

Ағартушы Ы.Алтынсарин кірпішін қалаған тұңғыш қазақ мектебінің агылғанына биыл 160 жыл толды. Тарихи датаға орай, Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды.

Қазақ тарихында айрықша орын алған ағартушы-ұстаз Ы.Алтынсариннің бастамасымен 1864 жылғы қаңтар айының 8-інде Торғай тұрғындары мен екі жүзден астам сыйлы қоңақтардың қатысуымен тұңғыш қазақ мектебі салтанатты түрде ашылды. Міне, сол бір тарихи сәттен бері бір жарым ғасырдан аса уақыт өткен соң, Қостанай облысының орталығындағы Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінің төрінде бір топ зиялы қауым өкілдері бас қосты. Олардың қатарында: ыбырайтанушы ғалымдар, есімі көпшілікке жақсы таныс Ақылбек Шаяхмет, Серікбай Оспанов ағаларымыз, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов, Ыбырай ашқан Торғай мектебінің түлектері, мектеп басшылары мен ұлағатты ұстаздар бар.

Мақала тақырыбымен аттас «Қазақ мектептерінің қара шаңырағы» тақырыбында өткен әдеби-танымдық кеш қаламыздағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты оқушыларынан құралған хордың орындауындағы Торғай мектебінің түлегі, ақын Серік Тұрғынбековтің өлеңіне жазылған Тыныштық Әлденовтің «Ыбырай шәкірттерінің марші» әнімен ашылды.

«Ыбырайдың тұңғыш жаққан шырағы,
Торғай төсін жарық қылып тұр әлі.
Бүгінгі күн, бүгінгі өмір, жарқын жол – 
Ұрпағына беріп кеткен жұмағы», – деп келетін мағыналы өлең жолдары білімнің шырағын жаққан Ыбырай ата ұрпақтарының орындауында жиын қатысушыларына ерекше әсер етті.

Тағылымды шара жалғасын тауып, қадірменді қонақтардың назарына 2016 жылы Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінің тапсырысы бойынша Reitz Media орталығы дайындаған деректі фильмінен, сондай-ақ «Qazaqstan» ұлттық арнасының тапсырысымен белгілі журналист жерлесіміз Дархан Әбдік түсірген «Ұстаз» деректі фильмінің Торғай мектебі туралы айтылатын үзіндісі ұсынылды.

Алғашқы қазақ мектебінің ашылуы – халқымыз үшін ерекше қуанышты жаңалық еді. Бұл істің басы-қасында болған небәрі 19 жастағы Ыбырай Алтынсариннің ұйымдастырушылық қабілеті, асқан төзімділігінің арқасында мектептің құрлысы ойдағыдай аяқталды. Өзі ашқан мектептің тұңғыш ұстазы да Ыбырай атамыздың өзі болды. Оқу мен білімді игеруге жетелеген ұстаз, қазақтың жас ұрпағына үлкен сенім білдіріп, олардың келешегінен зор үміт күтті. Ұстаз үміті мен сенімі ақталды. Торғайда ашылған мектептен талай саңлақ ақын-жазушылар, ғұлама ғалымдар, оқымыстылар шықты. Олардың есімдерін мақтанышпен атай аламыз. 

Ыбырай мектебін, ұлағатты ұстаздың өмір жолы мен атқарған қызметін ұлықтаған кешімізге Торғайдағы Ыбырай ашқан мектептің түлегі, мемлекет қайраткері, ғалым, Жаһандық Су әріптестігінің Қазақстан бойынша төрағасы Нариман Қыпшақбайұлы Алматыдан арнайы келіп қатысып, мектептің тарихы жайында тың деректермен бөлісті. Өс сөзінде ағамыз Торғайдағы алғашқы қарлығаш – мектеп жайында естеліктерін айтып, Ыбырай Алтынсарин музейіне жеке заттары мен зерттеу еңбектерін табыстады.

Іс-шара Ыбырай мектебінде оқыған танымал тұлғалар жайында ұснылған деректі фильммен жалғасты. Олар – мемлекет қайраткерлері, саясат өкілдері, ғалымдар, дәрігерлер, экономистер, инжинерлер, алауан мамандық иелері болатын. Барлығы дерлік қазақ елінің өркендеуі мен қалыптасуына айырықша қызмет етті. Қазақ интеллегенциясының қалыптасуы Ыбырай мектебінің түлектерінен бастау алды десек артық айтпаған болар едік. Көпшілігінің бағыты мен мақсаты да – алған білімді ел мүддесіне қосу еді. Қазіргі уақытта да Ыбырай Алтынсариннің ізін жалғап, біліммен кемелденген жастардың қатары қалыңдап келеді. Бұл, әрине, қуантпай қоймайды.

Тағылымды шарада қара шаңырақтың түлегі Қойшин Ғайыпназар ағайға, А.Байтұрсынов емлесін енгізуші, ақын, ұстаз, Ыбырай ізін жалғастырып мектеп салу ісін ұйымдастырған, «Бостандық» мектебін ашқан Әлмағамбет Оспанұлының тұяғы, Қаз ССР халық ағарту ісінің үздігі Оспанов Сұлтанғали Әлмағаметұлына сөз берілді. Сұлтанғали Әлмағамбетұлы Ыбырай атамыз ашқан мектептің түлегі ған емес, сол мектептің ұстазы және басшылық қызметтер атқарған.

Артынша қадірлі қонақтар үлкен экраннан көрнекті ақын, Ыбырай мектебінің түлегі Кеңшілік Мырзабековтың «Ыбырай Алтынсарин мектебі туралы ой» өленің тыңдады. Сәні мен салтанаты жарасқан жиында қаламыздағы Елубай Өмірзақов атындағы филормония домбырашыларының орындауындағы Қаршыға Ахмедияровтың «Қосбасар» күйі жиналғандардың құлақ құрышын қандырды.

Ы.Алтынсарыұлы ашқан қара шаңырақтың 160 жылдық мерейтойына орай республикамыздың барлық аймақтарынан құттықтаулар келіп түсуде. Солардың бірі, 1963 жылы Ыбырай мектебін алғашқы алтын медальмен бітірген, химия ғылымдарының докторы, профессор Жақсынтай Қайырбеков, аталған мектептің 1976 жылғы түлегі, ұстаз, мектеп басшысы, кейін Жангелді аудандық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарған Наурызбай Сейдахметов, сонымен қатар 1960 жылғы мектепті аяқтаған Қаржы Министрінің бөлім басшысы қызметін атқарған Қайдар Байдабекұлының құттықтаулары да жиын барысында көпшіліктің назарына ұсынылды.

Іс-шара әрмен қарай да Ыбырай мектебінің тарихи мәніне арналып, 160 жыл мерейтоймен құттықтаулар тыңдалды. А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің профессоры, ақын, жазушы, ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылығын зерттеп, өнімді еңбек етіп, осы тақырыпта оннан астам кітап жазып шығарған Серікбай Оспанұлына; А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің профессоры, белгілі қазақ жазушысы, ақын, журналист-публицист, 2021 жылы «Жылдың үздік драматургиясы» номинациясында «Ыбырайдың өсиеті» пьесасымен «Алтын қалам» сыйлығының иегері атанған Ақылбек Қожаұлына; Қостанай облыстық теле-радио компанияның қызметкері, тележурналист, өлкетанушы Қабылахат Сейдахметұлына; болашақ мұғалімдерді даярлайтын жоба «Altunsarin Academu project manager» орталығының менеджері Нұрбол Ақантайға құттықтау сөзі берілді.

Тағылымды шара соңы қаламыздағы С.Мәуленов атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Айлана Есетованың орындауындағы Ыбырай Алтынсариннің өмірлік миссиясы – қараңғылықтың зиянын жеткізіп, оқу мен білімге шақырған «Кел, балалар, оқылық!» әнімен аяқталды. Ыбырай Алтынсарин – туған елі мен жерін сүйген, жанашыр, біртуар тұлға. Ұлы ұстаз жаққан білім шамшырағы жас ұрпақты тәрбие жолында ғасырлар бойы жарығы мен сәулесін шашып, тарихи миссияны орындай беретіндігіне кәміл сенеміз.


Шынар ДУСМАГАМБЕТОВА,
Қостанай облыстық
Ы.Алтынсариннің
мемориалдық музейінің
қызметкері

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.