Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында аталып өтетін «Ұлттық киім күніне» орай, «Мирас» қалалық мәдениет сарайында «ETHNO FASHION» модельдік агенттігінің ұйымдастыруымен сән салтанаты өтті.
Қостанайлықтарға қазақ халқының дәстүрлі киімдерін паш еткен бұл кеш көрерменді ұлттық құндылықтар әлеміне жетелеп әкетті. Мерекелік шараның шымылдығы мың бұралған бишілердің дәстүрлі биімен ашылып, жүргізушілер ұлттық киімнің қазақ мәдениетіндегі терең тарихы мен оның бүгінгі заманауи өмірдегі жаңғыру маңызына кеңінен тоқталды.
Кештің көркін қыздырған концерттік бағдарлама аясында Ерлан Сапаров, Ерболат Жазықпаев, Сәуле Жұмабай, Анвар Оспанов, Дәулет Ақтанов және Алтынай Кәрімова сынды өнерпаздар әсем әннен шашуын шашса, «Зарянка» би театры, «Эстель» мен «Мирас» ансамбльдері ұлттық және заманауи бағыттағы хореографиялық туындыларын паш етті.
Іс-шара подиум төрінде таныстырылған екі бағыттағы этно-топтамалармен жалғасын тапты. Дизайнер Динара Аралбайдың «Тұмар» топтамасы қазақтың ежелгі ою-өрнектерін қазіргі заман талабына сай интерпретациялап, ұлттық нақышқа жаңа тыныс сыйласа, «ETHNO FASHION» агенттігі ұсынған коллекция сәукеле мен қамзолдың, төл маталар мен көне пішімдердің тарихи қалпын бұлжытпай сақтап, көрерменді өткен ғасырлар бедеріне саяхаттатқандай әсер қалдырды.
Бірі – дәстүрлі киімге жаңа тыныс беріп, екіншісі – толық ұлттық стильді сақтаған көрсетілім жиналған қауымның ерекше ықыласына бөленді. Ұлттық мәдениетті насихаттауды көздеген бұл мазмұнды кеш қазақ киімінің қоғамдағы беделін айқындай түсіп, көпшілікке естен кетпес әсер сыйлады. Мерекелік кеш соңында жүргізушілер жиналған қауымды әз-Наурызбен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Айгерім БАХИТБЕК,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика
мамандығының
3-курс студенті
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.