Кел, балалар, оқылық!

Выпуск - №17(665)   :   30.04.2025
1739

1

Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия-интернатында алғаш рет облыстық «Ыбырай оқулары» байқауы өтті. Бұл әдеби додаға өңірдің жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 2–11-сынып оқушылары қатысты.

Ұлт ұстазының мұрасын ұлықтауға арналған айшықты байқау екі кезеңде ұйымдастырылды. Байқаудың алғашқы кезеңіне облыстың барлық аудандары мен Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларынан келген оқушылар қатысты, олардың ішінен 90 үздік қатысушы облыстық кезеңге жолдама алды.

2


– Соңғы жылдары Ы.Алтынсариннің еңбектері әртүрлі басылымдарда түпнұсқадан алшақтап, кейде қысқартылып, бұрмаланып жарияланып жүр. Бұл, сөзсіз, оның ағартушылық идеяларының толыққанды жетуіне кедергі келтіреді. Осыны назарға алған Ы.Алтынсарин музейінің ұжымы жүйелі зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оқушылар мен жастар арасында ағартушының мұрасын насихаттау жолында бастама көтеріп отыр. Бұл – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды жеткізудің маңызды қадамы, – дейді облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Саят Жүсіпов.

4


Байқаудың бір ерекшелігі – оқушылардың үш буынға бөлініп, өз деңгейіне сай тапсырмалар орындауы. Бастауыш сынып оқушылары өлеңді мәнерлеп жатқа оқыса, орта және жоғары буын оқушылары прозалық шығармаларды мазмұндап, сұрақтарға жауап беріп, терең ой өрбітуге тырысты. Әдебиетке шынайы ықыласпен келген шәкірттердің білімі мен дайындық деңгейі әділ қазылар тарапынан жоғары бағаланды.
– Балалардың дикциясы, мәтінді жеткізу шеберлігі ерекше әсер қалдырды. Қатысушылар шығарманың мазмұнына терең бойлап, кейіпкерлердің жан дүниесін аша білді. Әділ қазылар алқасының бірі ретінде осындай әдебиетке ынталы өрендердің барына қуаныштымын, – дейді қазылар алқасының мүшесі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ағыбай Нұғыманов.

3


Облыстық кезеңге жолдама алғандардың бірі – Амангелді ауданындағы Б.Қолдасбаев атындағы ЖББ мектептің 6-сынып оқушысы Еркежан Ғазезова байқауға тыңғылықты дайындалып келген. Ол ұстазымен бірге ағартушының әдеби мұрасын жан-жақты талдап, туындыларының тәрбиелік мәнін ашуға тырысқан. «Жетекшім Айзада Аманкелдіқызымен көп дайындалдық. Аудандық кезеңнен сүрінбей өттім. Ыбырай атамыздың 25 өлеңін жатқа білемін. Өлеңдерінің әр жолында терең мағына бар. Сондықтан оларды оқыған сайын жаңа ой түйемін», – дейді Еркежан. Сондай-ақ Қостанай ауданынан қатысқан Светлана Новицкая Ыбырай Алтынсариннің 20-дан аса өлеңі мен әңгімесін жатқа айтып, байқау барысында ерекше көзге түскенін айта кеткен жөн.

5


Байқау нәтижесінде 5–7-сынып оқушылары арасында бас жүлде Қостанай қаласынан қатысқан Назерке Егінбайға бұйырды. Бірінші орынды Сезім Төлеген мен Зере Қуатбек, екінші орынды Еркежан Ғазизова мен Арлан Мырзабек, үшінші орынды Марат Айдос, Светлана Новицкая және Еркегүл Қайыр иеленді. Ал 8–11-сынып оқушылары арасында бас жүлде Назгүл Қуанышбекке бұйырды. Бірінші орынға Әсел Хаджабай мен Аружан Қабыкен, екінші орынға Алиса Бахтиярова мен Фариза Салпина, үшінші орынға Мәдина Сұлтанбекова, Әдия Сапаш және Нұрбала Оңғарбаева ие болды. Барлық жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Гүлім БАТЫР, Әділет НҰРАБАЕВ,
ҚӨУ журналистика мамандығының
3-курс студенттері

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.