Кітап – адамды тәрбиелейтін, рухани құндылыққа жетелейтін басты құралдардың бірі. Осы мақсатта қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» жобасының жарасымды жалғасы ретінде «Кітап оқитын студент» бағыты сәтті жүзеге асырылуда.
Бұл тақырыпта Қостанай өңіріндегі Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт студенттердің ой-пікірлері сараланды. Айта кетейік, 2026 жылы іске қосылған «Кітап оқитын ұлт» жобасы «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет» және «Кітап оқитын мемлекеттік қызметкер» деп аталатын 6 бағытты қамтиды. Соның ішінде «Кітап оқитын студент» бағыты жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруды мақсат етеді.
Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының студенті Аяжан Ақбар осы ретте ойымен бөлісті: «Бұл студенттердің ойлауына, сондай-ақ өмірге деген дүниетанымына өте маңызды деп ойлаймын. Бұл бағдарлама 6 сыныптан бастап қарастырылған. Негізі өте жақсы жаста қарастырылған. Себебі осы кезде баланың бойында өзінің жеке тұлғасы қалыптаса бастайды. Кітап оқыған кезде көз алдарыңызға сол кітаптың сюжеті елестейді, әртүрлі ақпараттар аласыз. Әр кітап сайын басқа бір жаңа әлемге түскен сезімде боласыз», – деді ол.
Ал жобаның басты қатысушыларының бірі, шет тілі мамандығының 2-курс студенті Аяулым Басанова: «Осы жобаға қатысқан кезде менің кітап оқуға деген біршама қызығушылығым оянды. Мен өзім кіші жастан бері, 10-11 жасымнан бері кітапқа деген қызығушылығым ашылып, бірнеше кітаптарды оқыған болатынмын. Мен ғылыми түрде кітаптар оқыдым, психологиялық түрде де. Осы жоба ішкі түйсігімді өзгертті. Яғни осы жоба арқылы менің болашаққа деген ойым өзгерді. Осы мамандығымда кітаптар оқу арқылы менің осы жобада рөлім ерекше айқындалды деп айтсам да болады», – деді ол.
Жалпы жоба аясында жастар өз ойларын ашық жеткізіп, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік алып отыр. Бұл – тек білім алудың ғана емес, тұлғалық дамудың да тиімді жолы. Айта кетейік, алдағы уақытта жобаны кеңейту жоспарлануда. Қазіргі таңда үш өңірде жүзеге асырылып жатқан бастама болашақта 20-дан астам аймақты қамтитын болады. Қатысушылар келесі кезеңге өту үшін іріктеу кезеңінен дайындалып жатыр. Байқау дебат форматында өтеді.
Аружан АНИСОВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандығының
3-курс студенті
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.