Кітаппен дос баланың қиялы ұшқыр

Выпуск - №14(710)   :   10.04.2026
711

Кітаппен дос баланың қиялы ұшқыр (1)

Халықаралық балалар кітабы күніне орай Мемлекеттік тілдегі кітапханада жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға бағытталған «Сиқырлы кітап еліне саяхат» атты танымдық-ойын ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында кітапхана табалдырығын аттаған бүлдіршіндер нағыз сиқырлы әлемге тап болғандай күй кешіп, сүйікті ертегі кейіпкерлерімен жүздескендей болды. Арнайы жоспарланған бағдарлама аясында балалар қызықты сұрақтарға жарыса жауап беріп, танымдық ойындарға да белсенділікпен қатысты. Әсіресе, арнайы дайындалған викториналық сұрақтар олардың білім деңгейін саралап, тапқырлықтарын ұштауға тапсырмас мүмкіндік берді. Сондай-ақ оқушылар шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында қиялына ерік беріп, ой-өрістерін кеңейтті. Бұл жас жеткіншектердің шығармашылық қабілетін шыңдап қана қоймай, ойларын көпшілік алдында жүйелі әрі еркін жеткізуіне зор ықпал етті.
Аталмыш іс-шараның негізгі идеясы – өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу арқылы олардың рухани дамуына жол ашу және ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Мереке аясында «Кітаппен бірге жаңа әлемге» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған библиографиялық шолу жасалды. Онда қойылған туындылармен танысу арқылы балалар жаңа білім алып қана қоймай, бойына ізгі адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, дүниетанымдарын байытты. Сиқырға толы бұл танымдық ойын бүлдіршіндерге ерекше әсер сыйлады. Артынша балаларға тәтті сыйлықтар таратылып, мерекелік көңіл-күй арта түсті. Кішкентай оқырмандар үшін бұл күн ұмытылмас естелікке айналып, кітап әлеміне деген құштарлығын бұрынғыдан да арттыра түскені анық.

Айнагул ШАЙМЕРДЕНОВА,
Мемлекеттік тілдегі
кітапхананың кітапханашысы,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.