Кітапханашы күні: дәстүрден жаңашылдыққа

Выпуск - №41(689)   :   07.11.2025
171

Қостанай қаласындағы Жастар сарайында Кітапханашы күні мерекесіне орай өңірдің түкпір-түкпірінен кітапхана саласының майталмандары мен жас мамандар бас қосты. Іс-шара барысында үздік қызметкерлер салтанатты түрде марапатталды.

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазандағы №833 қаулысына сәйкес, бұл кәсіби мереке биыл төртінші мәрте ресми түрде аталып өтуде. Ерекше атап өтерлігі – биылғы мереке жаңа форматта ұйымдастырылды. Екі күн бойы кітапханашыларға «AI + кітапхана = жаңа мүмкіндіктер» атты оқыту курсы ұйымдастырылды.
– Заман келбеті көз алдымызда жылдам өзгеріп жатыр. Әлем қарқынды дамып, кітапханалар алдына жаңа міндет қойып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект технологияларын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде атап өтті. Бұл бағыт кітапхана ісіне де тікелей қатысты. Жасанды интеллект ақпаратты сақтау, тарату және өңдеуде кітапханалардың жұмысын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Сондықтан біз уақыт талабына сай болуымыз қажет. Рухани мұра мен заманауи технологияның тоғысуы – бүгінгі басқосуымыздың негізгі идеясы. Жасанды интеллект мүмкіндіктері мен кітапханашының дәстүрлі қызметі қатар дамығанда ғана болашақтың кітапханасын қалыптастыра аламыз, – деген Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов үздіктерге лайықты марапаттарын табыс етті.

image

Мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін Любовь Некрасоваға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табыс етілді

image

Жайылма ауылдық кітапханасының кітапханашысы Татьяна Цымбаль – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хатының иегері

Денисов ОКЖ басшысы Любовь Некрасова, Әулиекөл ОКЖ басшысы Светлана Серкебаева, Л.Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК сектор меңгерушісі Алексей Олексюктің кеуде тұсына «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі тағылды. Ал Л.Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК толықтыру, құжаттарды өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің сектор меңгерушісі Күлзинат Оспанова, Қамысты ОКЖ Жайылма ауылдық кітапханасының кітапханашысы Татьяна Цымбаль, сондай-ақ Лисаков қаласындағы ОКЖ №2 кітапхана-филиалының меңгерушісі Светлана Поливода Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталса, Л.Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК әмбебап оқу залының меңгерушісі Ботагөз Бекболатова, Қарасу ОКЖ Октябрь ауылдық кітапханасының кітапханашысы Лариса Мельничук, Қамысты ОКЖ әдіскері Татьяна Николаева Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хатына ие болды.

image

Руханиятқа өлшеусіз үлес қосып жүрген Қарасу өңірінің кітапхана саласының мамандары

image

Кітапхана ісіне сіңірген еңбегі үшін Сәуле Иманқұлова Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды

Сондай-ақ Қарасу ОКЖ Октябрь ауылдық кітапханасының меңгерушісі Жанна Момынгалиева, Рудный ОКЖ №6 кітапхана-филиалының меңгерушісі Светлана Ванюкова, Жангелді ОКЖ Сарысу ауылдық кітапханасының кітапханашысы Әсемгүл Ахметжанова, Қостанай ОКЖ Мәскеу ауылдық кітапханасының кітапханашысы Людмила Бабий, Науырзым аудандық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Сәуле Иманқұлова, Федоров ОКЖ Костряков ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сұлушаш Мендекинова, Қамысты ОКЖ библиографы Асем Реймова, Л.Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК абонементтер бөлімінің кітапханашысы Алия Салибаева, Л.Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімінің бас әкімшісі Гүлмира Татенова Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

IMG-9341

Кітапхана саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тағы он маман Қостанай облысы мәдениет басқармасы басшысының Құрмет грамотасымен марапатталса, сегіз маманға Алғыс хаттары табыс етілді. Мерекелік сәтті одан әрі айшықтап, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының ақпараттық ресурстар жөніндегі орынбасары Нұржан Жолдыбалинов бірқатар қызметкерлерге Ұлттық академиялық кітапхананың Алғыс хаттарын табыстап, жылы лебізін білдірді. Салтанат соңы ерекше марапатпен толықты: Л.Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК директоры Сания Безаубекова ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Халықаралық Абай атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорының «Абай» мерейтойлық медалімен марапатталды.

image

Л.Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК директоры Сания Безаубекова «Абай» мерейтойлық медаліне ие болды

Жамал ШАУКЕН

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.