Көрпелер көрмесі өтті

Выпуск - №15 (462)   :   16.04.2021
523

Әулиекөл ауданына қарасты «Балапан» Құсмұрын балабақшасының мектепке дейінгі білім беру мекемесінде тәрбиеленуші топтар арасында ата-аналармен бірлесе отырып, «Көрпе FEST» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты – түрлі көркем материалдарды қолдана отырып, жұмыстарды әсемдеуін баулу. Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолданып, ұлттық қолөнерімізді жаңғыртып ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету. Құрақ көрпе – үйдің сәні, нәсібі мол кәсіп, ұлттық өнеге. Оған балалардың қызығушылығы бар жерде көрпе құрау сан қырлы идеялармен жаңара жетіліп жалғаса түседі деуге болады. Қазақ халқында құрақтың 200-ден аса түрі бар.

Балаларды ұлттық қасиеттерге баулуда ата-бабамыз күнделікті тірлігінде пайдаланған тұрмыстық ерекшелігі мол дүниелермен таныстырудың тәрбиелік мәні зор. Осы тәрбиені негізге ала отырып, ұлттық қолөнері және оюларымен таныстыруда алдыма мындай мақсат қойдым: балалардың ұлттық өнердің сән және қол өнер түріне деген сүйіспеншіліктерін, көркемдік эстетикалық талғамын дамыту, халықтың тұрмыс-салт дәстүріне қызығушылықтарын ояту, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға отансүйгіштік, бір-біріне деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Гүлшат АБЖАНОВА,
«Балапан» б/б тәрбиешісі,
Әулиекөл ауданы,
Құсмұрын ауылы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.