Қостанайда бес сәбидің тұсауы кесілді

Выпуск - №13(709)   :   03.04.2026
777

Қостанайда бес сәбидің тұсауы кесілді (1)

Қостанай төрінде ұлттық құндылықтарды ұлықтаған ғажайып іс-шара өтті. Қостанай облысы Әйелдер күштері альянсының мұрындық болуымен Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық музейде бес бірдей бүлдіршіннің тұсауы кесілді.

Іс-шараның қара шаңырақ – Ыбырай музейінде өтуінің символдық мәні терең. Биыл қазақ даласына білімнің дәнін сепкен ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл. Музей қызметкерлерінің айтуынша, «Кел, балалар, оқылық!» деп ұрандатқан ұстаздың рухы сезілетін бұл мекенде сәбилердің тұсауының кесілуі – олардың болашақта білімді де парасатты азамат болып өсуіне деген жақсы ырым.

Қазақ халқы сәбидің тұсауын текті, елге сыйлы және ісіне адал адамдарға кестіруді жақсы ырымға балаған. Яғни, сол адамның бойындағы жақсы қасиеттері мен абырой-беделі, жеткен жетістіктері мен шапағаты балаға жұғысты болсын деген ақ ниеттен туады. Баланың қадамы нық, талайы ашық болсын деген сеніммен, бұл рәсімді атқару құрметі елге сыйлы тұлғаларға берілді.

Қостанай ауданынан арнайы келген, сегіз балалы отбасының кенжесі Богданның тұсауын А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ректоры Сейітбек Қуанышбаев кесті. Алтынсарин ауданының алты балалы отбасының бүлдіршіні Аврораға ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Ирина Аронова ақ жол тіледі. Қостанайлық егіздер Айхан мен Айбардың тұсауын облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов кесіп, қос сәбидің жолы ақ, қадамы оң болсын деген ізгі тілегін жеткізді. Өзбекстаннан атамекеніне оралған рудныйлық қандастарымыздың перзенті Біржанның тұсауын «АгромашХолдинг» АҚ басқарма төрағасы Сергей Могилатов ақ тілекпен кесті.

Салтанатты шара барысында ұлттық киім киген әжелер «Шашу» шашып, тазалық пен ақ ниеттің белгісі ретінде бүлдіршіндердің жолына күміс теңгелер тастады. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Ахметов жиналғандарға батасын беріп, сәбилердің қадамы нық, болашағы жарқын болуын тіледі. Кеш соңында ҚР мәдениет қайраткері Арыстан Құрмановтың орындауындағы «Қазақ дәстүрлері» әні музейді мерекелік күйге бөледі.

«Тәй-тәй басқан қадам – болашаққа жасалған үлкен қадам. Ал болашақ білімді, адал, елін сүйетін ұрпақтың қолында», – дейді ұйымдастырушылар. Салт-дәстүрімізді жаңғыртып, ұлттық болмысымызды айшықтаған бұл шара тек көне дәстүрді жаңғыртып қана қоймай, бірлік пен берекенің шынайы үлгісіне айналды.


Жамал ШАУКЕН,
Суретті түсірген автор

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.