Қостанайда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Светқали Нұржанның құрметіне арналған әдеби байқау өтті. Жас таланттардың шығармашылығын шыңдап, әдебиетті насихаттауға бағытталған бұл іс-шара биыл өңірде алғаш рет ұйымдастырылды.
Байқау барысында қатысушылар ақынның шығармаларын мәнерлеп оқып, қазылар алқасының сынынан өтті. Іс-шара Светқали Нұржанның сөзіне жазылған әндердің орындалуымен басталды. Жалпы, «Светқали оқулары» байқауы ерекше шығармашылық тартысқа толы болды. Қатысушылар ақынның әйгілі «Хан кегі» дастанын жатқа оқып, өзара бақ сынасты.
– Тобылдың қасиетті жағасында, қазақтың қастерлі топырағында сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. Басқыншылардың ауыр табаны таптап өтсе де, бұл дала рухын жоғалтқан жоқ – ол қайта жануға дайын. Бүгінгі іс-шараны сондай асыл мұраттың бастауындай көреміз. Бұл тек менің шығармашылығымды дәріптеу емес, қайта жаңғыратын ұлттық рухтың оянуына себеп болатын игі қадам. Осы маңызды істі қолға алған барлық жанға шынайы алғысымды білдіремін, – деді ақын Светқали Нұржан.
Байқаудың басты талабы – «Хан кегі» дастанын толық жатқа білу. XVIII ғасырдағы тарихи оқиғаларды сипаттайтын көлемді туындыны Рудный қаласындағы мектеп оқушысы Қадырғали Есенқұлов жартылай жаттап үлгерген. «1-2 ай көлемінде дайындалдым. Шамамен 20 беттен астам жаттадым. Әр шумақты оқыған сайын жаңа ой түйдім. Светқали ағамыздың шығармашылығымен таныса отырып, қазақ әдебиетінің тереңдігі мен тіл байлығын ұғындым. «Хан кегі» дастаны арқылы көптеген тарихи оқиғалармен де таныстым», – дейді байқау жеңімпазы.
Бастапқыда жеңімпазға 1 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық тағайындалған болатын. Алайда ұстаздар мен оқушылардың еңбегін ескере отырып, ұйымдастырушылар әр қатысушыға жеке қаржылай марапат ұсынды. «Байқауға 21 оқушы қатысты. Олардың арасынан үздік шыққан төрт оқушы жеңімпаз атанды. Екі оқушыға 150 мың теңгеден, ал ең көп бет жаттаған екі қатысушыға 250 мың теңгеден берілді. Сонымен қатар, оқушыларды дайындаған мұғалімдер де қаржылай сыйлыққа ие болды, – деді қазылар алқасының төрағасы Әділет Қабылов.
Ұйымдастырушылар байқауды дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Жалпы, «Светқали оқулары» жас ұрпақты қазақ әдебиетіне жақындатып, олардың рухани дамуына үлес қосатын ерекше жоба ретінде жалғасын таппақ.
Бейбіт МЕЙРАМҰЛЫ,
суретті түсірген
Жансая АЯНҚЫЗЫ
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.