Мінекей, осымен төртінші мәрте жыл сайынғы мызғымас дәстүр бойынша Kostanay Music Fest қала аспанын жанды әуенмен тербетіп, он мыңнан астам көрерменге сүйікті әртістерімен қауышудың мүмкіндігін сыйлады.
Қостанайдың аспанында жаңғырған әуендер әрбір жүрекке жетті
Қуанышқа толы көңілмен, қолдарына фестиваль билеттерін алған қалың жұрт Орталық стадионға ағылды. Кіреберісте сағаттап кезек күтуге тура келсе де, олардың мерекелік көңіл-күйі еш бәсеңдеген жоқ. Кешкі самалмен астаса жайылған әуен алаңның бұрыш-бұрышына таралып, қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше бір мерекелік көңіл-күйге бөледі.
Ән мен әуенге сусындаған жұртшылық үшін бұл фестиваль тек музыка тыңдайтын орын емес, бір толқында соққан жүректерді жақындастыратын, достық пен шаттықты дәріптейтін айрықша алаңға айналғандай болды. Сахна төрінде Қазақстанның белгілі өнерпаздары мен жас орындаушылары кезекпен өнер көрсетіп, көрермендерді бірде терең ойға жетелесе, енді бірде көтеріңкі көңілмен би қимылына еріксіз бастады.
Фестиваль алаңы әдеттегідей өзгеше кейіпке енді. Заманауи сахна, сан түрлі жарық пен қуатты дыбыс әсері мерекелік атмосфераны айшықтап тұрды. Биылғы билеттердің бағасы алдыңғы жылмен салыстырғанда қолжетімді болғанын айта кеткен ләзім (фан-зона – 8 мың, танцпол мен трибуна – 6 мың). Айырмашылықтың айтарлықтай болмауы тыңдармандарға сүйікті әртістеріне бір табан жақын болуға мүмкіндік берді. Былтырғы сәтті тәжірибені ескерген ұйымдастырушылар бұл жолы да Орталық стадиондағы көгалды бүлдірмес үшін арнайы қорғаныш төседі. Ал тәртіп сақшыларының үйлесімді жұмысы фестивальдің тыныш әрі қауіпсіз жағдайда өтуін қамтамасыз етті.
2 фото – Кеш жүргізушілері атап өткендей, қостанайлық қыздардың сұлулығы бір-бірінен кем түспейді
Биылғы бағдарламаның жұлдызды құрамы көрерменді бірден баурап алды. Сахнада The Brookln мен Bonapart өнер көрсетіп, кештің қызуын арттыра түсті. Одан кейін сахна төріне өзіндік ерекше стилімен көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген Yenlik шықты. Әр әртістің репертуарына аса мұқият мән берілгені бірден байқалды. Мәселен, Yenlik өзінің сахналық бағдарламасын лирикалық «Мен деп ойла» әнімен бастап, оны Darkhan Juzz-дің «Erikpe» әніне жасаған каверімен жалғастырды. «Dop», «Shukir», «Esep» хиттерінің орындаушысы Қостанайдың үлкен сахнасында алғаш рет жақында тұсауы кесілген «Meili» әнін орындады.
Әрбір әніне жаны мен сезімін қоса білген Yenlik

Харизмасы мен ерекше орындау стилімен есте қалған De Lacure
Артынша сахнаға De Lacure көтеріліп, Yenlik-пен бірге дуэт орындады. Өз әндерінің де ерекше атмосферасын жеткізе білген De Lacure қостанайлықтарға харизмасымен есте қалды. Көпшіліктің асыға күткен тағы бір тобы – CAPTOWN еді. Жігіттердің энергияға толы өнері сахнаны жандырып, жұртшылықты бір толқынға біріктірді. Ал қостанайлық көрерменнің сүйіктісіне айналып үлгерген Dequine нәзіктігімен, сұлулығымен әрі ерекше стилімен есте қалды. Ол «18», «Deja Vu» секілді танымал туындыларымен тыңдарманын бір серпілтті. Жанкүйерлердің ыстық ықыласын да атап өткен жөн: қостанайлықтар әрбір әртісті ерекше қошеметпен қарсы алып, сүйікті әндерін бірге шырқап, кештен шынайы ләззат алды.
Сұлулық пен талантты үйлестіре білген Dequine

6elluci жігіттерінің сахнаға әсерлі шығуы
Келесі болып 6elluci тобының жігіттері түтін арасынан әсерлі ортаға шығып, көпке таныс «Миллионер», «Ne kerek», «KZO» сынды хит әндерімен көрермендерді қуанышқа бөлеп, атмосфераны қыздырды. «Мен қазақпын», «Жігіттер» әндерімен елімізге танымал Yerbolat Qudaibergen сахна төріне шыққанда, жиналған жұрт жігерленіп кеткендей болды. Артынша жерлесіміз ALEM өнер көрсетіп, тыңдармандар асыға күткен «Kuiim» және басқа да әндерін шырқады. Осылайша әрбір әртіс ерекше орындауымен көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Yerbolat Qudaibergen хиттерімен көрерменді жігерлендірді

Кештің хэдлайнері V$XV PRiNCE көрермендерді бір толқынға біріктірді
Биыл кештің хэдлайнерлері – он жылдан бері тыңдармандарды әндерімен баурап келе жатқан NINETY ONE және көпшіліктің сүйіктісі V$XV PRiNCE болды. Олардың сахнаға шығуын бәрі ерекше ықыласпен күтті десек, артық айтпаған болар едік... Сөзсіз, бұл кеш әр жанкүйердің есінде сақталады. Әрине, ұйымдастырушылардың еңбегі айрықша атап өтуге тұрарлық. Brave Talents компаниясы осымен төртінші мәрте аталмыш фестивальдің жоғары деңгейде өтуіне ықпал етсе, бас серіктестер – Olzha Agro мен Allur компаниялары өңір мәдениетінің өркендеуіне қолдау білдіріп келеді.
Камила мен Алима екінші рет Music Fest-те және осы дәстүрді жалғастырмақ ниетте
Kostanay Music Fest арқылы бұл күні Қостанайдың аспанында жаңғырған әуендер әрбір жүрекке жетті... Бұл фестивальдің басты құдіреті де осы!
Жамал ШАУКЕН,
Суретті түсірген:
Эрик МУРАТОВ
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!
Мир, в котором живет человек, зависит прежде всего от того, как его данный человек понимает, а следовательно, от свойств его мозга: сообразно с последним мир оказывается то бедным, скучным и пошлым, то наоборот, богатым, полным интереса и величия.
Умный человек и в одиночестве найдёт отличное развлечение в своих мыслях и воображении, тогда как даже беспрерывная смена собеседников, спектаклей, поездок и увеселений не оградит тупицу от терзающей его скуки.