«Kostanay Puppet Life 2025»: Қостанай сахнасында әлем өнерпаздары

Выпуск - №35(683)   :   19.09.2025
146

Облыс орталығында алғаш рет «Kostanay Puppet Life» – халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі шымылдығын түрді. Мәдени іс-шара Қостанай облыстық қуыршақтар театрының 40 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, мерекелік шаттықты еселей түсті.

Ертегілер әлемі тіріліп, кейіпкерлер жанды бейнеге айналатын сыйқырға толы қуыршақ театрларының фестивалі көпшілікке өнердің құдіретін сездірмек. Оның аясында Қазақстан ғана емес, шетелдік театр ұжымдары да өнер көрсетіп, өз елдерінің қуыршақ өнеріндегі дәстүрі мен жаңашылдығын паш етеді. Көрермендер үшін түрлі жанрдағы қойылымдар ұсынылып, қуыршақ театрларының таңғажайып әлемі ашылады. Бұл – өнер арқылы халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

1-Kostanay-Puppet-Life

«Kostanay Puppet Life» фестивалі шерумен басталды

2

Фестивальдің ашылуында қостанайлық өнерпаздардың шеруі «Атамекен» әнін жанды дауыста орындап ортаға шықты

Айтулы мерекеде Қостанай облыстық қуыршақтар театрының тарихына көз жүгіртпей кету мүмкін емес. Қырық жыл ішінде бұл театр жүздеген спектакль сахналап, мыңдаған кішкентай көрерменді қуанышқа бөледі. Осы тұста театрдың көркемдік жетекшісі болған бас режиссёр, саналы ғұмырын театр ісіне арнап өткен Геннадий Ивановтың есімін ерекше атап өткен жөн. Бұл күнде талантты өнерпаздар ұжымын танымал актёр Төленді Әлқожа басқарады. Театр ұжымы ізденістен таймай, шығармашылық биігін арттыра түсуде. Халықаралық фестиваль – еңбектің лайықты бағасы, кәсіби шеберліктің айқын көрінісі болса керек.
– Қырық жыл – бұл шығармашылық ізденістерге толы, көрермендерімізбен қуанышты жүздесулерге бай және сүйікті іске деген адал қызметтің белесі деп білемін. Осындай айтулы мерекені сіздермен бірге қарсы алу біз үшін үлкен қуаныш. Сондықтан, ең алдымен, осындай мүмкіндік берген Қостанай облысы мен қала әкімдігіне және мәдениет басқармасының басшылығына шын ниетіммен алғыс білдіргім келеді, – деді Қостанай облыстық қуыршақтар театрының директоры Төленді Олжабайұлы.
– Бұл бастама бізге кәсіби тұрғыда жаңа белестерді бағындыруға, театрымыздың дамуына серпін беруге және көрермендерімізге ерекше қуаныш сыйлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар фестивальдің ұйымдастырылуына әлемнің театрлары арасындағы достық ынтымақтастық үлкен үлес қосты. Еліміздің ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен әріптестеріміз жиналды. Қуыршақ театрын тек мамандық емес, нағыз өнер, шабыт көзі және ұрпаққа рухани тәрбие беретін асыл міндет деп түсінетін шынайы жанашырлар бас қосты. Мәдениет пен дәстүрді ұштастыра отырып, халықтар арасындағы рухани көпірді нығайтып, өз елдерінің мәдени құндылықтарын ұсынатын шеберлер сахнамызда өнер көрсетпек. Бұл – біз үшін зор мәртебе.

3-IMG-8932

4-IMG-8953

5-IMG-8957

Фестивальдің ашылуында сөз сөйлеген облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Саят Жүсіпов халықаралық іс-шараның маңызына тоқталды.
– Бұл – өте ерекше мереке. Заманауи мен дәстүрлі өнерді, түрлі елдер мен қалаларды, ұрпақтар мен кәсіби орта арасындағы көпірді біріктіретін мәдени форум. Қуыршақтар театры төрт онжылдық бойы өңірдің мәдени дамуына елеулі үлес қосып, өскелең ұрпақтың бойына рухани және эстетикалық құндылықтарды қалыптастырып, театр өнерінің үздік дәстүрлерін сақтауға және дамытуға зор еңбек сіңірді. Сондықтан бұл мерейтой – театр тарихында ғана емес, облысымыздың мәдени өміріндегі маңызды белес. Ал фестиваль мәдени диалогты нығайтып, қуыршақтар театры саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытып, әртүрлі елдердің ұжымдарын бір арнаға тоғыстырады, – деген Саят Дәулетұлы, облысымыздың тұрғындары мен қала қонақтары үшін «Kostanay Puppet Life» фестивалінің – шабыт пен шығармашылық жаңалықтар әкелетін ерекше мерекеге айналуын тіледі.

6-IMG-8919

7

Қостанайлық Светлана мен Серік Қытайдан келген құрметті қонағымызбен

Фестивальдің ауқымы шын мәнінде кең. Айтқандай, Қостанай сахнасында әлемнің түкпір-түкпірінен өнерпаздар жиналды. Қытай, Иран, Перу, Ресей, Түркия, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің театр ұжымдары шығармашылығымен бөлісуге асық. Қыркүйектің 16-сы мен 20-сы аралығында көрермендер әртүрлі жанрдағы спектакльдер, аса ерекше сценография мен бірегей көркемдік тәсілдер, сондай-ақ қуыршақ өнерінің бай дәстүрлерімен танысады. Мәдениеттері әртүрлі болғанымен, барлық қуыршақ театрларын не біріктіретінін білу үшін перулік «JOSE NAVARRO THEATRE» театрының режиссері әрі актёрі Хосе Наварроны сөзге тарттық.

8-JOSE-NAVARRO-THEATRE

Перулік «JOSE NAVARRO THEATRE» театрының режиссері әрі актёрі Хосе Наварро

– Қуыршақ өнері – адамзат тарихындағы ең көне театр түрлерінің бірі. Білуімше, оның түп-тамыры Азияда жатқанымен, бүгінде ол әлемнің түкпір-түкпіріне кең таралған. Бұл құбылыс адамзаттың анимацияға деген табиғи құштарлығымен байланысты деп ойлаймын. Қуыршақ өздігінен жансыз күйде тұрса да, сен оны қозғалыспен тірілтіп, оған өмір сыйлайсың. Міне, осының өзінде бір сиқыр бар. Жансыз заттың көз алдымызда жанданып, белгілі бір мақсатпен әрекет етуі – адамға өте қызық, ерекше әсер қалдырады. Біздің психикамыз осы құбылысты ерекше тартымды етеді. Әр халық қуыршақ өнерін өзінше дамытқан. Әрбір елдің өз дәстүрі, техникасы, формасы бар. Соған қарамастан, оның мәні бәріне де ортақ – жансызға жан бітіру. Менің ойымша, қуыршақ театрының басты күші де, құдіреті де осында, – дейді Хосе Наварро.
Бұл – Хосе Наварроның Қостанайға алғаш келуі, дегенмен Қазақстанға алтыншы сапары. Бұған дейін еліміздің Шымкент, Алматы, Астана қалаларында болғанын айтады. «Қазақстанға келген сайын ерекше әсерге бөленемін. Жаңа достар таптым, ал тәжірибе алмасу барысында көрген кейбір тың идеяларды өз жұмысымда қолдана бастадым. Шынымды айтсам, «Kostanay Puppet Life» фестивалі мені таңғалдырды. Ұйымдастыру деңгейі жоғары. Қазақы мәдениеттің сахнада көрініс табуы ерекше ықылас пен шабыт тудырды», – дейді ол.

9-IMG-8989

Осы төрт күні ішінде көрермендер өнердің шынайы құдіретін сезінеді. Бұған дейін, мамырдың 13-18 аралығында Қостанайда I Халықаралық «MONOFEST» моноспектакльдер фестивалі өткен болса, енді осы «Kostanay Puppet Life» I Халықаралық қуыршақ театрлар фестивалінен соң, қазан айында Қазақ театрларының фестивалін өткізу жоспарлануда.

Жамал ШАУКЕН,
Суретті түсірген автор

Актуально

Реклама

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».