ҚР жастарының «Алтын кітабына» енді

Выпуск - №17(464)   :   29.04.2021
698

Амангелді ауданындағы «Шұғыла» шығармашылық орталығының ұстазы Нұрсұлу Мирамбек «Қазақстан жастарының «Алтын кітабы» атты республикалық байқауға қатысып, жеңімпаз атанды.

Республикалық байқауға 280-ге жуық дарынды жастардың құжаты келіп түскен. Ішінен талапқа сай болған 100 үздік деп танылған жастардың өмірбаяны осы жинақ кітапқа енгізілді. Аталмыш байқау жастардың инновациялық әлеуетін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыта отырып, республикамыздың дарынды жастарының арасында байланыс орнатуды көздеді. Тәуелсіз еліне деген құрметін күшейту, отансүйгіштік сезімін арттыру да назардан тыс қалмады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен байқау нәтижесінде жеңімпаз атанған Нұрсұлу Мирамбекқызы «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының Қазақстан Республикасы жастарының Алтын кітабына енді. Сонымен қатар жас ұстазымыз ҚР жастар саясатының дамуына қосқан үлесі және қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, көшбасшылық қабілетін көрсете білгені үшін ҚР жастарының «Алтын төсбелгісімен» марапатталды және куәлігі берілді.



Нұрсұлу Мирамбекқызы мектепті тәмәмдаған соң 2013 жылы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының «Тарих және өнер» факультетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығына оқуға түсті. Дипломдық жұмысын «өте жақсы» деген бағамен қорғап, 2017 жылы білім бакалавры дәрежесін алып шықты. Артынша Амангелді ауданындағы «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығына «Алтын оймақ» тігін үйірмесінің жетекшісі болып жұмысқа орналасты. Кейін іскерлік қызметті «Сиқырлы қалам» сурет үйірмесінің жетекшісі ретінде жалғастырды. Осы атаулы мекемеде қызмет істегеніне биыл 3 жыл болды. Осы уақыт ішінде үйірмеге қатысушы оқушылармен бірге бірталай жетістіктерге жетіп үлгерді. Шәкіртері облыстық, республикалық, халықаралық өнер байқауларына қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп келеді.



Нұрсулу бос уақытында қолөнер бұйымдарын жасауды (қоржын-сөмкелер, қазақы үлгідегі түрлі панно бұйымдарын, киім тіккенді), сурет салудың біз біле бермейтін түрлі қызықты техникаларын зерттеп, солармен жұмыс істеп, әдеби шығармаларды оқығанды жақсы көреді. Бала кезінде сурет салу мен тігін тігуді хобби ретінде ғана көретін. Ал қазір бұлардың сүйікті ісіне айналғанына қуанышты. Бұдан кейінгі уақытта да шығармашылық орталықтың атын шығаратындай дарынды жастарды тәрбиелеп, бар білгенін үйретуден жалықпақ емес.
Тағы бір айта кетерлігі, Нұрсұлу Мирамбек Амангелді ауданы және Арқалық қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапаталды. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласынан «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы ұйымдастырған «Үздік автор-2020» атты республикалық жобасының «Үздік мақала», Алматы қаласынан республикалық ұстаздар арасындағы «Үздік педагог-2020» атты байқауына ұсынған жұмысы үздік деп танылған.

Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер шығармашылық
орталығының көркемдік жетекшісі,
Амангелді ауданы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.